ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады
Еуроодақ Еуропада өндірілген, көміртегі шығарындылары төмен және стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өнеркәсіптік өнімдерге сұранысты арттыру үшін субсидия мен тендер пайдалануды жоспарлап отыр.
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады
Түркия – біз жақын байланыста болып, сауда қатынастарын жалғастыруды қалайтын маңызды серіктес болып қала береді, – деді шенеунік. / AP
6 Наурыз 2026

Еуропалық комиссия ұсынылып отырған өнеркәсіптік саясат бастамасы аясында түрік тауарлары мен құрамдас бөлшектері «ЕО өнімі» (Made in EU) ретінде қарастырылатынын, соның арқасында одақ ішіндегі белгілі бір мемлекеттік субсидиялар мен тендерлерге қол жеткізе алатынын мәлімдеді.

Бұл қадам ЕО-ның Түркиямен тығыз сауда және өнеркәсіп байланыстарын сақтап қалуға ниетті екенін көрсетеді.

Аталған өзгеріс ЕО-ның өнеркәсіптік базасын күшейтуді мақсат ететін мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік көмек бағдарламаларына «ЕО өнімі» талабын енгізетін Өнеркәсіпті жеделдету туралы заңнан кейін жасалып отыр.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл бастама еуропалық өндірісті қолдауды және ЕО әділетсіз деп санайтын жаһандық бәсекеге қарсы тұруды көздейді.

Әсіресе таза технологиялар, цемент, болат және алюминий секілді секторлар, негізінен қытайлық өндірушілер тарапынан туындаған қысымға ұшырап отыр.

Жоспарға сәйкес, ЕО Еуропада өндірілген, көміртегі шығарындылары төмен және стратегиялық маңызы бар өнеркәсіп өнімдеріне сұранысты арттыру үшін мемлекеттік сатып алу бағдарламаларын, субсидиялар мен тендерлерді пайдалануды мақсат етеді.

ЕО жоспары түрік автокөлік экспортына серпін береді

ЕО мен Түркия Кеден одағы арқылы өзара байланысты болғандықтан бұл ұсыныс Еуропада жұмыс істейтін түрік компаниялары мен Түркиядан импортталатын тауарларға қатысты белгілі бір ашықтық пен кепілдік береді.

Алайда Еуропалық комиссия өкілінің айтуынша, Түркияның мемлекеттік сатып алу нарығына өзара қолжетімділік болмағандықтан түрік компаниялары әзірге Франциядағы мектеп не аурухана құрылысы секілді ЕО-ның мемлекеттік тендерлеріне тікелей қатыса алмайды. Бірақ бұл жағдай болашақта өзгеруі мүмкін.

Соған қарамастан еуропалық компаниялар Түркиядан сатып алатын цемент немесе алюминий секілді тауарлар ЕО-ның мемлекеттік сатып алу бағдарламалары қаржыландыратын жобаларда қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ ол ЕО елдері мен Түркия арасындағы бұрыннан қалыптасқан жеткізу тізбектеріне назар аударып, одақтың осы желілерді сақтап қалуды көздейтінін айтты.

Бұл шара әсіресе автокөлік бөлшектері саласы үшін маңызды саналады, өйткені Түркия Еуропаның жеткізу тізбегінде осы сектор бойынша маңыздды рөл атқарады.

Қазіргі ұсынысқа сәйкес, түрік компаниялары ЕО-ның мемлекеттік сатып алу нарығына тікелей шыға алмаса да, егер Испания, Франция немесе Бельгия секілді елдердің компаниялары мемлекеттік тендерлерді ұтып алса, олардың Түркиядан алатын бөлшектері мен тауарлары бұл бағдарлама аясында ескерілетін болады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды
Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды