ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Германияның бұрынғы президенті: «Әлем Түркияға мұқтаж»
Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульф Түркияның стратегиялық тұғыры, еңбек күшінің тиімділігі және өзгеріп жатқан жеткізу бағыттары Германия мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін үлкен мүмкіндік беретінін айтты.
Германияның бұрынғы президенті: «Әлем Түркияға мұқтаж»
Германияның бұрынғы президенті: «Әлем Түркияға мұқтаж» / Reuters Archive

Кристиан Вульф жаһандық үдерістер өзгеріп жатқан тұста Анкараның артып келе жатқан стратегиялық рөліне назар аударып, әлемнің Түркияға деген қажеттілігі Түркияның әлемге деген қажеттілігінен де жоғары екенін мәлімдеді.

Стамбулдағы Рахми М. Коч музейінда өткен Германия-Түркия Сауда кеңесінің басқарма отырысында сөз алған Вульф Германияның Түркияның ең маңызды сауда серіктесі болып қала беретінін, соған қарамастан ынтымақтастық әлеуетінің толық пайдаланылмай отырғанын атап өтті.

Вульф бұл кездесудің мақсаты – ынтымақтастық бағыттарын нақты айқындау және  барлық экономикалық мүмкіндікті тиімді пайдалану екенін айтты.

Болашағына сенімді Түркияны көріп отырғанын айтқан Вульф екіжақты қарым-қатынастарда өзара сенімнің негізгі фактор болып қала беретінін жеткізді.

«Әлемнің Түркияға деген қажеттілігі Түркияның әлемге деген қажеттілігінен де жоғары», – деген Вульф Германияның Түркиядағы оң имиджі сақталып отырғанын және бұл жағдай ынтымақтастықты кеңейтуге қолайлы негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Жаһандық жеткізу тізбектеріндегі өзгерістерге тоқталған Вульф бағыттардың біртіндеп Ормуз бұғазынан Жерорта теңізі порттарына ауысып жатқанын, бұл жүктемені арттырып, Түркияның геосаяси және стратегиялық маңызын күшейтіп отырғанын айтты.

Вульф еңбек күші мен географиялық артықшылықтар Түркияны Германия үшін тартымды серіктеске айналдыратынын жеткізді.

Германияның ішкі және жаһандық қиындықтарға тап болып отырғанын айтқан Вульф әлемдегі дағдарыстар мен қақтығыстардың ауқымына назар аударды.

Қазіргі кезеңді сын-қатер әрі мүмкіндік ретінде бағалаған Вульф Түркияның халықаралық аренада бұдан да маңызды рөл атқаруға дайын екенін айтты.

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді