Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді
Иран Мәжілісінің спикері Иранның Израиль және АҚШ-пен экономикалық, когнитивті, әскери және терроризмге қарсы күрес майдандарында «бір мезгілде дамып жатқан» қақтығыс үстінде екенін айтты.
Иран Мәжілісінің спикері Мұхаммед Бақыр Галибаф егер Вашингтон Тегеранға қарсы әскери шабуыл бастаса, Израиль мен АҚШ-тың әскери және теңіз орталықтары «заңды нысана» ретінде қарастырылатынын ескертті.
Жексенбі күні парламент отырысында сөйлеген Галибаф АҚШ президенті Дональд Трампқа үндеу тастап, «Заңды қорғаныс шеңберінде біз тек бір әрекеттен кейін жауап берумен шектелмейміз. АҚШ-тың әскери шабуылы болған жағдайда, басып алынған аймақтар (Израиль) мен АҚШ-тың әскери және теңіз орталықтары біз үшін заңды нысана болады», — деді.
Иранның қазіргі уақытта Израиль және АҚШ-пен экономикалық, когнитивті, әскери және террорлық соғыс сынды төрт майданда бетпе-бет келіп отырғанын айтқан Галибаф бұл майдандардың «бір мезгілде ашылғанын» алға тартты.
Ал Трамп болса 28 желтоқсанда басталған наразылықтар бүкіл елге жайыла бастаған соң сенбі күні ирандықтардың «бостандыққа ұмтылғанын» айтып, Вашингтонның қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.