САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия Украина мен Ресей арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөзді жеңілдетуге дайын
Ердоған Түркияның Украина соғысының тұрақты бейбітшілікпен аяқталуын қамтамасыз етуге күш салуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Түркия Украина мен Ресей арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөзді жеңілдетуге дайын
/ AA Archive

Түркия мен Украина президенттері телефон арқылы екіжақты қарым-қатынастарды, Украина-Ресей бейбітшілік процесін, аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге Анкараның Аляска мен Вашингтондағы байланыстарды мұқият бақылап отырғанын айтты. Бұл туралы бейсенбі күні Түркияның Коммуникация басқармасы “NSosyal” әлеуметтік желісінде хабарлады.

Бұл телефон әңгімесі Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан бірнеше сағат өткен соң жүзеге асты. Шабуылда кемінде 14 бейбіт тұрғын, оның ішінде балалар қаза тауып, тұрғын үйлер мен басқа да азаматтық инфрақұрылымдар зақымданды. Бұл оқиғаны Еуроодақ басшылары мен батыстық одақтастар айыптады.

Ердоған "Түркия соғыстың тұрақты бейбітшілікпен аяқталуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерін жалғастыруда," деп атап өтті.

Сондай-ақ ол Украина-Ресей соғысына әділ шешім табуға болатынын, екі тарап арасындағы келіссөзді нығайту қажеттігін баса айтты және бейбітшілікке жол ашатын жоғары деңгейдегі байланыстарды жеңілдету үшін Түркияның бар күшін салуға дайын екенін жеткізді.

Ердоған бейбітшілік орнағаннан кейін Түркияның Украинаның қауіпсіздігіне өз үлесін қоса беретінін де атап өтті.

Сонымен бірге Ердоған Украинаны Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді