ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Израильдің Шужайия ауданын ұшқышсыз ұшақтармен нысанаға алған шабуылдарында үш жас палестиналық қаза тапты, ал басқа да шабуылдар салдарынан көптеген адам жараланды.
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды / AA

Медициналық дереккөздер Израильдің Газа қаласының шығысы мен солтүстігіндегі түрлі аймақтарды нысанаға алған шабуылдарында үш палестиналықтың қаза тауып, арасында бір бала бар бес адамның жараланғанын хабарлады.

Дереккөздер «Анадолы» агенттігіне берген мәлімдемесінде Газа қаласының шығысындағы Шужайия ауданында Муштаһа көшесіне жасалған ұшқышсыз ұшақ шабуылынан кейін үш жас жігіттің мәйіті қала орталығындағы «Әл-Ахли Араб» ауруханасына жеткізілгенін айтты. Қаза тапқандар: 17 жастағы Махмуд Сахир әл-Сикли, 17 жастағы Юнус Саед Аяд және 20 жастағы Абдулла Тейсир Шумер.

Басқа бір оқиғада Израильдің ұшқышсыз ұшағы Газаның шығысындағы Туффах ауданына гранатасын тастауы салдарынан төрт палестиналық жарақат алды. Жаралылар қала орталығындағы «Әл-Сарая» алаңында орналасқан Палестина Қызыл жарты ай қоғамының далалық госпиталіне жеткізілді.

Газаның солтүстігіндегі Жабалия кентіндегі Халава босқындар лагеріне қарай Израиль күштерінің оқ жаудыруы салдарынан бір бала орта дәрежеде жарақат алды. Палестиналық дереккөздер нысанаға алынған аймақтардың Израиль күштерінің бақылауындағы аумақтардан тыс жерде орналасқанын жеткізді. Сондай-ақ Израильдің Газаның 50%-дан астамын әлі де басып алып отырғаны айтылды.

Израиль күштері атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері артиллериялық және қарулы шабуылдармен келісімді күн сайын бұзуды жалғастыруда. Өткен жылдың қазан айында атысты тоқтату жарияланғаннан бері Израиль шабуылдарынан кем дегенде 651 палестиналық қаза тауып, 1 741 адам жараланған.

Израиль 2023 жылдың 8 қазанында Газаға қарсы екі жыл бойы түрлі формада жалғасып келе жатқан геноцидті бастады. Палестиналық ресми тұлғалардың мәліметінше, Израильдің Газадағы геноциді салдарынан 73 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 172 мың адам жараланған, сондай-ақ аймақтағы азаматтық инфрақұрылымның 90%-ы жойылған. Сарапшылар Газадағы нақты шығын ресми мәліметтерден әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды