САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Грекия портынан шыққан кемелер "Sumud" флотына қосылды
Грекиядан шыққан кемелерінің мақсаты - Израильдің Газаға қойған блокадасын бұзу, халықаралық қауымдастықты жұмылдыру және Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін қауіпсіз дәліз құруға үлес қосу.
Грекия портынан шыққан кемелер "Sumud" флотына қосылды
/ AA

Грекия кемелері Сирос аралындағы порттан шығып, Газаға арналған жаһандық "Sumud" флотилиясының құрамына қосылды. Бұл халықаралық азаматтық кемелер флотилиясы Израильдің Газаға қойған блокадасын бұзып, гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат етеді.

«Оксигоно» кемесі толығымен грек экипажынан құралған, ал «Илектра» кемесінде Грекия мен басқа елдерден келген еріктілер бар.

Аралда күні бойы қолдау шаралары ұйымдастырылып, жүздеген адам портқа жиналып, экипаждарға рух берді.

Кемелер жолға шыққанда, жиналған халық Палестина туын көтеріп, «Газаға бостандық», «Күрес жеңеді», «Израильге қарсылық» деп ұрандады.

Грекиядағы «Газаға шеру» атты палестиналықтарды қолдау қозғалысының өкілдері грек кемелерінің мақсаты Израильдің Газадағы блокадасын бұзу, халықаралық қауымдастықты жұмылдыру және гуманитарлық көмек жеткізу үшін қауіпсіз дәліз құру екенін атап өтті.

Жаһандық "Sumud" флотилиясы өткен ай Барселона (Испания) және Генуя (Италия) қалаларынан шыққан кемелермен жинала бастады.

Ұйымдастырушылар бұл миссияны бұрынғы бір ғана қайықпен жасалған әрекеттерден өзгеше деп сипаттады, өйткені олар Израиль тарапынан тоқтатылып, жолаушылары депортацияланған еді.

Геноцид

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль Газадағы қырғында 65 000-ға жуық палестиналықты өлтірді.

Геноцид барысында Израиль аймақтың көп бөлігін қиратты және халықтың басым бөлігін қоныс аударуға мәжбүр етті.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Беньямин Нетаньяху мен оның бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Газадағы әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін ордер шығарды.

Іздеу
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты