ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
2022 жылы Газада 6 061 адам қайтыс болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 24 650-ге жеткені хабарланды.
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
Газа секторы / Anadolu Agency (Wire)
 

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Мунир әл-Бурш 2025 жылы Израиль шабуылдары, түрлі аурулар және басқа да себептер салдарынан қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артқанын мәлімдеді.

Әл-Бурш «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Газада менингит жұқтырғандардың көбеюі мен ауызсудың ластануы салдарынан денсаулық сақтау және экологиялық дағдарыстың тереңдей түскенін ескертті.

Оның айтуынша, 2022 жылы Газада 6 061 адам қайтыс болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 24 650-ге жеткен. Бұл санға Израиль шабуылдарынан, аурулардан және жазатайым оқиғалардан қаза тапқандар мен қайтыс болғандар кіреді.

Әл-Бурш Газа секторындағы кәріз жүйесінің қирауы, ағынды суларды тазарту қондырғыларының істен шығуы және жауын-шашын салдарынан лас судың ауызсуға араласу қаупі жұқпалы аурулардың таралу ықтималдығын арттырғанын атап өтті.

Ол су және кәріз жүйелерінің бұзылуы инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейткенін, ал дұрыс тамақтанбау балалардың ауруларға қарсы тұру қабілетін әлсіреткенін айтты. Сонымен қатар ауруханалардың жұмыс істемеуі мен дәрі-дәрмек тапшылығы науқастарға дер кезінде диагноз қойып, ем жүргізуді қиындатқанын жеткізді.

Әл-Бурш халықаралық қауымдастықты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын  және БҰҰ Балалар қорын шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Атап айтқанда ол Газаға отын, су және кәріз жүйелерін жөндеуге қажетті жабдықтарды жеткізуге жағдай жасап, су тазарту қондырғыларының жұмысын қайта қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ қоныс аударуға мәжбүр болған отбасыларды суды залалсыздандыру құралдарымен және жеке гигиена жиынтықтарымен, ал ауруханаларды зертханалық жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді талап етті.

«Газадағы балаларды қорғау үшін ең алдымен оларды таза ауызсумен қамтамасыз етіп, ауырған жағдайда тексеріп, ауруханалардың жұмыс істеуіне жағдай жасау қажет», – деді әл-Бурш.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі кеше аймақта менингит ауруын жұқтыру деректерінің күрт көбейіп, алаңдатарлық деңгейге жеткенін хабарлады.

 

Іздеу
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі