МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінде ән айтып, би билеуге рұқсат берді
Итамар Бен-Гвирдің бұл қадамы әл-Ақса мешіті кешеніне қатысты бұрынғы ережелерден елеулі ауытқуды білдіреді.
Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінде ән айтып, би билеуге рұқсат берді
/ AA
 

Израиль медиасының хабарлауынша, Израильдің ультраоңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир басып алынған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітін аралау кезінде заңсыз қоныстанушыларға еркін ән айтып, би билеуге рұқсат берді.

Израильдің “Channel 7” телеарнасының бейсенбі күнгі хабарына сәйкес, “Бен-Гвир енгізген жаңа саясат аясында бірнеше жылдан кейін алғаш рет еврей келушілерге қасиетті орында ән айтып, би билеуге рұқсат берілді.”

Өзі де қоныстанушы әрі ультраоңшыл “Еврей күші” партиясының жетекшісі Бен-Гвир Израиль полициясын бақылайды.

Оның бұл шешімі аймақтағы шиеленісті нүкте саналатын бұл жерге қатысты бұрынғы шектеулерден айтарлықтай ауытқуды көрсетеді.

“Channel 7” мәліметінше, енді Израиль полициясына қоныстанушылардың әл-Ақса аумағында еврейлерше дұға етуі мен ән айтуына рұқсат беру жөнінде нұсқау берілген. Полиция бастығы Коби Шабтайдың бұл бұйрықты тәртіп сақшыларына жеткізгені хабарланды.

Күшейіп бара жатқан тәртіп бұзушылықтар

Үш апта бұрын Итамар Бен-Гвирдің әл-Ақса мешіті кешеніне еврейлердің кіруін қолдайтын топтардың жетекшілерімен өз кеңсесінде кездескені хабарланды.

Кездесу барысында қатысушылар еврейлердің діни рәсімдеріне, оның ішінде шектеу қойылмаған аумақтарда топ болып ән айтуға рұқсат беруді ұсынған.

Кездесу кезінде Бен-Гвирдің: “Менің саясатым – бүкіл кешенде ән айтуға рұқсат беру,” – дегені хабарланған.

Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінің діни және әкімшілік істерін басқаратын Қасиетті Иерусалим Ислам қоры басқармасының мәліметінше, Бен-Гвир 2022 жылдың соңында қызметке кіріскеннен бері әл-Ақса кешеніндегі қоныстанушылардың заң бұзушылықтары арта түскен.

Нетаняхудың мәлімдемелеріне қайшы келеді

Жаңа саясат Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаняхудың әл-Ақса мешітіндегі "қалыптасқан тәртіп өзгерген жоқ" деген мәлімдемелерімен үйлеспейді.

Израиль 2003 жылдан бері жұма және сенбі күндерінен басқа күндері заңсыз қоныстанушылардың әл-Ақса мешіті кешеніне кіруіне үнемі рұқсат беріп келеді.

Әл-Ақса мешіті — мұсылмандар үшін әлемдегі ең қасиетті үшінші орын. Ал еврейлер бұл жерді көне замандарда екі еврей ғибадатханасы орналасқан деп есептеп, оны "Ғибадатхана тауы" деп атайды.

Израиль 1967 жылғы Араб-Израиль соғысы кезінде әл-Ақса орналасқан Шығыс Иерусалимді басып алған болатын. Кейін 1980 жылы бұл қаланың бүкіл аумағын аннексиялады, алайда бұл қадамды халықаралық қауымдастық әлі күнге дейін мойындаған жоқ.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»