ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанның солтүстік-батысында болған жарылыста 24 адам қаза тапты
Пәкістан қауіпсіздік күштері Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер, Баджаур және басқа да өңірлерінде Пәкістан Талибанына қарсы операция жүргізуде.
Пәкістанның солтүстік-батысында болған жарылыста 24 адам қаза тапты
/ Reuters

Полицияның мәлімдеуінше, Пәкістан Талибанына бағынатын содырлар жасырынған жерде бомба жасауға арналған материалдарды сақтаған.  Бұл материалдар дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысында жарылып, кемінде 24 адамның өмірін қиды.

Жарылыс Хайбер-Пахтунхва уәлаятындағы Тирах аңғарында болып, айналадағы бірнеше үйді қиратқан. Жергілікті полиция қызметкері Зафар Ханның айтуынша, жарылыстан кемінде 10 бейбіт тұрғын және 14 содыр қаза тапқан. Араларында әйелдер мен балалар да бар.

Ханның мәліметінше, Пәкістандағы Талибан ұйымының екі қолбасшысы  Аман Гул мен Масуд Хан осы жасырын орында болған және осы жерді жол бойына қойылатын бомба жасауға арналған фабрика ретінде пайдаланған. Сондай-ақ полиция содырларды бейбіт тұрғындарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған деп айыптады.

Пәкістан қауіпсіздік күштері Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер, Баджаур және басқа да өңірлерінде Талибан лаңкестеріне қарсы операция жүргізуде. Елде Пәкістан Талибандарының террорлық шабуылдары артқан. Пәкістан Талибаны Ауған Талибанымен одақтас болғанымен бөлек ұйым ретінде әрекет етеді. 2021 жылы Ауған Талибаны билікке қайта оралғаннан бері Пәкістан Талибанының күшейгені айтылды. Ұйымның көптеген жетекшісі мен жауынгері Ауғанстанды паналаған деген болжам бар.  

 

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген