САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған келісім бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда «бұдан да ауқымды, бұдан да қуатты, бұдан да қатал» әскери жауап берілетінін ескертті.
АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
Мұрағат. «Ядролық қару болмайды, сонда Ормуз бұғазы ашық әрі қауіпсіз болады», – деді Трамп. / Reuters
 

“Truth Social” әлеуметтік желісіндегі жазбасында Трамп қосымша оқ-дәрі мен қару-жарақпен бірге барлық америкалық кеме, ұшақ және әскер «қол жеткізілген НАҚТЫ КЕЛІСІМ толық орындалғанға дейін Иранның ішінде және айналасында өз орындарында қалады» деді.  Сондай-ақ ол: «Егер қандай да бір себеппен бұлай болмаса, ал мұндай ықтималдық өте төмен, онда “Қақтығыстар басталады”, әрі ол бұған дейін ешкім көрмегендей ауқымды, қуатты және қатал болады», - деп жазды.

Трамп бұдан бөлек «ядролық қарудың болмауы» жөніндегі келісімге «әлдеқашан, баяғыда» қол жеткізілгенін айтып, «оған қайшы келетін барлық жалған мәлімдемелерді» жоққа шығарды.

Трамп: «Ядролық қару болмайды, ал Ормуз бұғазы ашық әрі қауіпсіз болады. Ал осы аралықта біздің ұлы Әскеріміз ҚАРУЛАНЫП жатыр және ДЕМАЛЫП жатыр, шын мәнінде келесі ЖЕҢІСІН асыға күтіп отыр», - деп жазды.

Иран мен АҚШ сейсенбі күні 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған, аймақ бойынша мыңдаған адамның қаза табуы мен жаралануына әкелген соғысты тоқтатуға бағытталған түпкілікті келісімге жол ашуды көздейтін екі апталық бітім туралы жариялады.

Бұл мәлімдеме Трамптың Иранға Ормуз бұғазын қайта ашып, келісімді қабылдау үшін берген мерзімінің аяқталуына екі сағаттан аз уақыт қалғанда жасалды. Трамп «тұтас бір өркениетті жойып жібереміз» деп қоқан-лоқы жасаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»