Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Әзербайжан Нахчыван әуежайы маңында бейбіт тұрғындардың жаралануына және аймақтық шиеленістің ушығуына себеп болған Иранның ұшқышсыз ұшақтарының шабуылын айыптады.
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады / AA

Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар бейсенбі күні Әзербайжанның Нахчыван аймағына соққы беріп, Нахчыван халықаралық әуежайы маңында өрттің шығуына себеп болды. Бейнежазбаларда Иран шекарасынан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан әуежай маңынан көтерілген қою қара түтін көрінеді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні түс кезінде Иран аумағынан жасалған ҰҰА шабуылдары Нахчыван Автономиялық Республикасы әуежайының терминалын және Шекербад ауылындағы мектеп ғимаратының маңын нысанаға алғанын растады.

Министрлік өз мәлімдемесінде «Иран Ислам Республикасы аумағынан жүзеге асырылған, әуежай ғимаратына зақым келтіріп, екі бейбіт тұрғынның жаралануына әкеп соққан бұл ҰҰА шабуылдарын қатаң айыптаймыз», — делінген. Баку бұл шабуылдарды аймақтық шиеленісті ушықтыратын халықаралық құқықты бұзу ретінде сипаттап, Ираннан дереу түсініктеме беруді және алдын алу шараларын қабылдауды талап етті. Мәлімдемеде «Иран Ислам Республикасынан аталған мәселені қысқа мерзімде нақтылауды, түсініктеме беруді және болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қажетті әрі шұғыл шаралар қабылдауды талап етеміз», — деп көрсетілген.

Баку жауап қайтару құқығына ие

Әзербайжан үкіметі мұндай шабуылдар қайталанған жағдайда, тиісті шаралармен жауап қайтару құқығын бар екенін ескертті.

Иранның Әзербайжандағы елшісі Мүжтеба Демирчилу Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Министрлік «Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті наразылық нотасы табыс етіледі», — деп мәлімдеді.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты