ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жоғалған түркиялық ғалым АҚШ-тың көші-қон басқармасының қамау орталығынан табылды
Ғалымның отбасы Канадаға қарай ұйымдастырылған жаяу наразылық шеруі кезінде қамауға алынған Фуркан Дөлекті табуға көмектескен түрік билігіне алғыс айтты.
Жоғалған түркиялық ғалым  АҚШ-тың көші-қон басқармасының қамау орталығынан табылды
Фуркан Дөлек Канадаға қарай жаяу наразылық шеруінен кейін ұсталды. Оның "LinkedIn" желісіндегі соңғы жазбасы 27 тамызда жарияланған. (Фото: LinkedIn) / Others

Түркияның билік өкілдері бір аптадан астам уақыт бойы із-түзсіз жоғалып кеткен түрік ғалымы Фуркан Дөлектің Нью-Йорктегі «Buffalo» Федералдық қамау орталығынан табылғанын растады.

Фуркан Дөлектің қарындасы Эсра Дөлек Чошкун Анадолы агенттігіне берген сұхбатында бауырын табуға көмектескен Түркия Сыртқы істер министрлігі мен Түркияның Нью-Йорктегі Бас консулдығына алғыс білдірді. Ол бауырының қамау орталығына ауыстырылғанын, бірақ сот күні әлі белгіленбегенін айтты.

Чошкун «Онымен телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігім болды. Жағдайының жақсы екенін жеткізді», - деді. Отбасы Дөлектің мүмкіндігінше тезірек Түркияға қайтарылуын қалайтынын атап өтті. Сондай-ақ консулдық істі жіті қадағалап, отбасын үнемі хабардар етіп отырғанын мәлімдеді.

«Зерттеу мекемелеріндегі қанау мен заңсыздық»

АҚШ визасы жойылғаны хабарланған Дөлек Канадаға қарай жаяу наразылық шеруі кезінде қамауға алынды.

Ол 27 тамыз күні «LinkedIn» платформасындағы соңғы жазбасында: «Масседаннан осы жерге дейін жаяу келдім, қазір Аквесаснедемін... Қатты шаршадым, табаным күлдіреп кетті... Бірақ осы жерге дейін жете алғаныма шүкір», – деп жазған болатын.

Ғалым бұған дейін «LinkedIn» арқылы зерттеу мекемелерінде еңбекті қанау мен заңсыздық бар екенін мәлімдеп, зерттеушілердің қорғансыз қалғанын, ал сыбайластықты әшкерелегендердің қысымға ұшырайтынын алға тартқан болатын. Сондай-ақ ресми шағым жасағаны үшін жазаланғанын және жұмыстан шығарылғанын да жеткізген.

 

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді