ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда
“STM” қорғаныс компаниясының қабырға арқылы көретін радары “DAR” жүйесі түрік әскери құтқару топтары тарапынан алғаш рет Венесуэлада халықаралық операциялық миссияда қолданылуда..
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда / Reuters

Түркияның радар жүйесі өткен аптада Венесуэлада болған жер сілкіністерінен кейін үйінді астында қалған адамдардың орнын анықтап, құтқару топтарына адам өмірін арашалауға көмектесуде. Бұл аталған технологияның халықаралық деңгейдегі алғашқы операциялық миссиясы ретінде тіркелді.

“DAR” ретінде белгілі радарды түрік қорғаныс компаниясы “STM” отандық мүмкіндіктермен әзірледі.

“STM” компаниясы бұл жүйені қатар келген қос жер сілкінісінен кейін Венесуэлаға аттанған Түркия Қарулы Күштерінің Гуманитарлық көмек бригадасы қолбасшылығы жанындағы Табиғи апаттарда іздестіру-құтқару топтары қолданып жатқанын атап өтті.

“DAR” бұған дейін Түркияның Кахраманмараш провинциясында 2023 жылғы 6 ақпанда болған жер сілкіністерінен кейінгі іздестіру-құтқару операцияларында да белсенді рөл атқарған еді. Ол жер сілкіністерінде Түркия мен көршілес Сирияда ондаған мың адам қаза тапқан болатын.

Бұл технология аталған операциялар кезінде үйінді астында қалған 50-ден астам адамның орнын анықтауға көмектесіп, олардың аман-есен құтқарылуын қамтамасыз еткен.

Жүйе қазіргі уақытта Түркия Қарулы Күштері, Жандармерия бас қолбасшылығы және Қауіпсіздік бас дирекциясы тарапынан белсенді түрде қолданылып келеді.

“DAR” көзбен көру мүмкіндігі жоқ жабық кеңістіктердегі қозғалыссыз және қозғалыстағы нысандардың екі өлшемді координаталық мәліметтерін алу үшін ультра кең жолақты сигналдарды пайдаланады.

Жүйе кепілге алынғандарды құтқару, терроризммен күрес және ішкі қауіпсіздік операциялары сияқты әскери сценарийлерде қолданылумен қатар жер сілкінісі, көшкін және өрттен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары, сондай-ақ адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес сынды азаматтық мақсаттарға да қызмет ете алады.

Радар тыныс алудан туындайтын кеуде, қол мен білек қозғалыстарын қоса алғанда, микро және макро қозғалыстарды анықтау арқылы үйінді астындағы тірі адамның нақты орнын белгілей алады.

Салмағы небәрі 6,5 килограмм шамасындағы “DAR” қабырғаның немесе басқа да кедергінің артында тірі адамның бар-жоғын анықтау үшін радиожиілік сигналдарын жібереді. Сонымен қатар ол адамның қаншалықты тереңдікте жатқанын және нақты орнын таба алады.

Бір адам қолмен ұстап қолдана алатындай етіп жобаланған жүйені штативке немесе ұқсас құрылғыға орнатуға болады. Оны планшеттік компьютер арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік бар. Құрылғының батарея қуаты төрт сағаттан астам үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «TİKA» Венесуэлаға  гуманитарлық көмек  жіберді
Іздеу
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамп: "Ердоған керемет, НАТО үлкен белесті бағындырды"
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды
НАТО-ның назары Анкарада: Көшбасшылар саммиті басталады
Түрік фрегаты АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге қатысты
АҚШ президенті Трамптың Анкарадағы бағдарламасы белгілі болды
Джевдет Йылмаз Масуд Пезешкиянмен кездесті
Министр Фидан АҚШ-тың Түркияға қатысты санкциялары мәселесіне тоқталды