ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«TİKA» Венесуэлаға  гуманитарлық көмек  жіберді
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі «TİKA» жер сілкінісінен зардап шеккен Венесуэлаға шамамен 1000 пакет гуманитарлық көмек жіберді.
«TİKA» Венесуэлаға  гуманитарлық көмек  жіберді
«TİKA» Венесуэлаға гуманитарлық көмек жіберді

«TİKA» дайындаған гуманитарлық көмек пакеттері Түркияның Венесуэладағы елшілігінің үйлестіруімен жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра қаласындағы Хосе Мария Варгас спорт кешенінде Венесуэла билігіне тапсырылды.

Шамамен 5 мың адамға жеткізу көзделген көмек пакеттеріне бес адамнан тұратын отбасының 15 күндік қажеттілігін өтейтін май, күріш, макарон, печенье сияқты негізгі азық-түлік өнімдері мен гигиеналық заттар енгізілді.

Түркияның Венесуэладағы елшісі Нажи Айдан Караманоглу Түркияның жер сілкінісінен кейін Венесуэламен ынтымақтастығын тек көңіл айту хабарламаларымен шектемегенін айтып, 75 адамнан тұратын түрік іздеу-құтқару тобының аймақта жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді.

Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасары Оливер Бланко Түркияға алғыс білдірді.

Ла-Гуайра губернаторы Хосе Алехандро Теран да халықаралық ынтымақтастық үшін алғыс айтып: «Шынайы достық осындай қиын кезеңде белгілі болады», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Венесуэлаға қолдау білдірді
Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті