САЯСАТ
2 ... минут оқылды
“Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі жақында Мәскеуде өтеді”
Александр Дарчиевтің айтуынша, тараптар екіжақты дипломатиялық қатынастардағы "кері ықпал ететін факторларды" азайтуға назар аударады.
“Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі жақында Мәскеуде өтеді”
/ AA

АҚШ-тағы Ресейдің елшісі екі ел арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі Мәскеуде өтетінін мәлімдеді.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігіне сейсенбі күні берген сұхбатында Александр Дарчиев бұл шешімді "алдын ала дайындық" деп атап, басты мәселенің екіжақты дипломатиялық қатынастардағы "қолайсыздықтарды" азайту екені өзгеріссіз қалып отырғанын айтты.

Ол келіссөздің нақты уақытына қатысты "жақын болашақта" өтеді деп хабарлады.

"Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастардың жақсару перспективасы әлі алыс екенін бұған дейін де айтқанмын. Бұл процеске тек Ақ Үйдің ішіндегі “терең мемлекетпен” байланысты оппозиция ғана емес, сонымен қатар Конгрестегі табанды антиресейшіл лоббистер мен “қырандар” да кедергі келтіруде," - деді Дарчиев.

Ресей мен АҚШ елшіліктерінің қызметін қалыпқа келтіруді және екіжақты қатынастардағы кедергілерді шешуді көздейтін консультациялар бұған дейін 27 ақпан мен 10 сәуір күндері Стамбулда өткен болатын.

Ресей делегациясын Дарчиев, ал АҚШ делегациясын Еуропа және Еуразия істері жөніндегі мемлекеттік хатшының орынбасары Соната Коултер басқарды.

«Бұл толығымен кері қайтаруға болатын шешім болса да, ең маңыздысы — 10 сәуірде Стамбулда өткен соңғы консультациялар раундында келіссөздердің астаналарға көшірілуіне қатысты алдын ала шешім қабылдануы сияқты алға жылжуды білдіретін нақты нәтижелерге қол жеткізілуі», - деді Дарчиев.

Бірінші кезеңнен кейін Вашингтон Дарчиевтің АҚШ-тағы Ресейдің елшісі қызметіне тағайындалуын мақұлдаған.

Екінші кезеңнен кейін тараптар дипломатиялық өкілдіктер үшін кепілдендірілген банк қызметтері туралы ноталармен алмасты және дипломаттарға виза беру мен олардың еркін қозғалысын жеңілдетуге бағытталған қосымша шаралар жөнінде келіскен.

Дарчиевтің айтуынша, Мәскеу АҚШ-та тәркіленген ресейлік дипломатиялық нысандарды тез арада қайтару мәселесін негізгі бағыт ретінде алға тартқан.

Іздеу
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті
Хакан Фидан: "Біздің тілегіміз - Иран мен Америка келісімге тезірек қайта оралсын"
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
15 шілдеден кейінгі сыртқы саясат және Түркияның келешекке арналған стратегиялық бағдары
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Ресей Түркияға алғыс айтты
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Иран күштері: «Бахрейндегі АҚШ базасына шабуылдадық»