ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Палестина Білім министрлігі 2023 жылдың қазан айынан бері 20 748 оқушы мен 1 058 білім беру саласының қызметкері қаза тапқанын, ондаған мың адамның жараланғанын және жүздеген адамның қамауға алынғанын хабарлады.
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты

Министрліктің сәрсенбі күні жариялаған мәліметіне сәйкес, Израильдің үш жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысы барысында Газа секторы мен басып алынған Батыс Шерияда 20 748 палестиналық оқушы және білім беру саласы мен әкімшілік қызметтің 1 058 өкілі қаза тапқан.

Министрліктің статистикалық есебінде бұл деректер мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқушыларды, студенттерді және қызметкерлерді қамтитыны айтылды. Сондай-ақ мыңдаған адамның жараланып, жүздеген адамның қамауға алынғаны көрсетілді.

Адам шығынымен қатар Газаның білім беру жүйесі де күйреді. Бұған дейінгі деректерге қарағанда, аймақтағы 12 университеттің барлығы зақымданған немесе қираған. Мектептердің басым бөлігі зақымданып, салдарынан жүздеген мың оқушы мен студент тұрақты білім алу мүмкіндігінен айырылған.

БҰҰ сарапшылары білім беру мекемелері мен қызметкерлеріне жүйелі түрде нұқсан келтіруді «схоластицид» яғни білім беру жүйесін жою деп сипаттады.

Бұл ұғым жас ұрпаққа білім беретін мекемелер мен жүйелердің жойылуын білдіреді.

Қирау тек сыныптармен шектелмеген. Кітапханалар, зертханалар, мұрағаттар және басқа да білім беру нысандары зақымданған немесе толығымен қираған.

Газа

Министрлік мәліметіне сәйкес, Газада 19 189 мектеп оқушысы мен 1 386 университет студенті қаза тапқан.

Сонымен қатар 28 586 мектеп оқушысы және 3 082 университет студенті жараланған.

Министрлік мектептерде жұмыс істеген 805 мұғалім және әкімшілік қызметкері мен университеттердің 246 қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Бұдан бөлек мектептердің 3 298 қызметкері және университеттердің 1 493 қызметкері жараланған.

Басып алынған Батыс Шерия

Есепке сәйкес, басып алынған Батыс Шерияда 134 мектеп оқушысы мен 39 университет студенті қаза тауып, 871 мектеп оқушысы және 283 университет студенті жараланған.

Израиль күштері сондай-ақ 416 мектеп оқушысы мен 481 университет студентін қамауға алған.

Мектептерде қызмет еткен 7 білім беру және әкімшілік қызметкері қаза тауып, 26-сы жараланған. Сонымен қатар Израиль күштері 176-дан астам мұғалім мен мектеп қызметкерін және 21 университет қызметкерін қамауға алған.

2023 жылдың қазанында Израильдің Газаға қарсы соғысы басталғаннан бері аймақта 74 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 175 мыңнан астамы жараланған. Палестина аумағындағы инфрақұрылымның шамамен 90 пайызы зақымданған немесе қираған.

Осы кезеңде Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар басып алынған Батыс Шерияда шабуылдарын күшейтіп, 1 210 палестиналықтың қаза табуына, шамамен 13 350 адамның жаралануына себеп болды. Сондай-ақ 24 600-ден астам адам қамауға алды.

 

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті