ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Украинадағы Одесса қаласына жаппай дрон шабуылын жасады
Украина Әуе күштері 38 ресейлік ұшқышсыз ұшу аппаратының атып түсірілгенін, ал қалған 16 аппараттың мақсаттарына жетпегенін, бұған болжам бойынша радиоэлектрондық тосқауыл себеп болғанын хабарлады.
Ресей Украинадағы Одесса қаласына жаппай дрон шабуылын жасады
/ Reuters


 Ресей күштері Қаратеңіз жағалауындағы Одесса қаласына түнде жаппай дрон шабуылын ұйымдастырды. Жергілікті билік өкілдері үш адамның жарақат алғанын және көптеген тұрғын үйдің зақымданғанын мәлімдеді.

Одесса қаласының басшысы Геннадий Труханов сейсенбі күні таңертең “Telegram” желісінде жариялаған жазбасында: «Жаудың мақсаты Одесса қаласының тығыз қоныстанған тұрғын аудандары болды», – деп мәлімдеді. Ол өз хабарламасына терезелері шағылған, қабырғалары зақымданған және өрт шыққан үйлердің фотоларын тіркеген.

Облыс губернаторы Олег Кипер шабуыл кезінде үш адамның жарақат алғанын және медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

Украина Әуе күштері сейсенбі күні түнгі шабуылға байланысты ресми мәлімдемесінде «Ресей түнгі уақытта 54 дронмен шабуыл жасады. Олардың 38-і атып түсірілді, қалған 16-сы радиоэлектрондық күрес құралдарының әсерінен нысанаға жете алмады», – деп мәлімдеді.

Кипердің айтуынша, Одессаға жасалған бұл шабуыл тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылым нысандарына, бір оқу орны мен көліктерге зиян келтірген.

Төтенше жағдайлар қызметі таратқан видеоларда зақымданған үйлердің бірінде шыққан ірі өрттің сөндірілгені көрінеді.

Үш ірі порты бар Одесса- Ресеймен үш жылдан астам уақытқа созылған соғыста жиі шабуылға ұшырап келе жатқан қалалардың бірі.

 

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді