САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Катар Газа келіссөзінің екінші кезеңін бастауға ниетті
Катар АҚШ, Түркия және Мысырмен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы қол жеткізілмей келген Газада қатысты атысты тоқтату келісімін жариялады. Бұл келісім 10 қазанда күшіне енген болатын.
Катар Газа келіссөзінің екінші кезеңін бастауға ниетті
Катар Газа келіссөзінің екінші кезеңін бастауға ниетті / Reuters

Газа келіссөздеріне араағайын болған Катар қазан айындағы атысты тоқтату келісімінен кейін Израиль мен Хамастың Палестинадағы бейбіт келісімге қатысты келіссөздердің жаңа кезеңіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәжид әл-Ансари сейсенбі күні «Тараптарды жақын арада екінші кезеңге өтуге шақыруымыз қажет деп ойлаймыз. Әрине бұл жағдайды қиындататын мәселелерді де қамтиды. Мәселен Сары аймақтың ар жағындағы туннельдердегі жауынгерлер және бірнеше күнде бір рет болатын оқиғалар секілді», -  деді.

«Сары аймақ» Израиль әскерлерінің Газа ішінде шегінген нүктесін көрсетеді. Аймақтың ар жағындағы туннельдерде ондаған Хамас жауынгері әлі де қоршауда қалып отыр, ал Израиль олардың нысанға алынатынын айтады.

Катар АҚШ, Түркия және Мысырмен бірге ұзақ уақыт бойы қол жеткізу мүмкін болмаған Газаға қатысты атысты тоқтату келісімін қамтамасыз етті. Бұл келісім 10 қазанда күшіне еніп, Тель-Авивтің Палестинаға қарсы екі жылға созылған геноцид соғысын едәуір бәсеңдетті.

Алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған Газа бейбіт жоспарының бірінші кезеңіне сәйкес, Палестинадағы тойтарыс тобы Хамас пен оның одақтастары 48 тұтқынның барлығын қайтаруы тиіс болатын. Олардың 20-сының әлі тірі екені айтылған.

Келісім бойынша Израиль 48 израильдік тұтқынның орнына 2000 палестиналық тұтқынды, оның ішінде өмір бойы бас бостандығынан айырылған 250 және 2023 жылдың қазан айынан бері қамауда отырған 1700 адамды босату талап етілді.

Көптеген тұтқын оралса да, 10 мыңнан астам палестиналық әлі де Израиль түрмелерінде отыр.

Екі адамның мәйітінен басқасының бәрі Газаға қайтарылды. Ол мәйіттердің Ран Гвили мен Судтисак Ринтхалакқа тиесілі екені айтылды. Алайда Израиль палестиналық тойтарыс тобын мәйіттерді қайтаруды кешеуілдетіп отыр деп айыптады.

Хамас мәйіттердің қайтарылуының баяу болуы екі жылдық соғыстан кейінгі қирандылардан деп түсіндірді. Мәйіттерді тапсыруға қатысты Ансари: «Газадағы логистикалық жағдай бұл нәтижеге қол жеткізуді қиындатуда», - деді.

Сондай-ақ ол мәйіттердің қайтарылуы атысты тоқтатудың екінші кезеңіне өтуге кедергі болмауы тиіс екенін жеткізді.

БҰҰ қолдау білдірген келісімнің екінші кезеңі қараша айында жарияланған еді. Бұл кезеңде Израиль өңірдегі позицияларынан шегінеді, Газаны уақытша басқару органы басқарады, халықаралық тұрақтандыру күші аймаққа орналастырылады.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті