ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Грецияда теңізде жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің эпицентрі - Неа Стюра курортынан төрт шақырым қашықтықта.
Грецияда теңізде  жер сілкінісі болды
/ Reuters
 

Грекияның Эвбея аралы маңында магнитудасы 5.2 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, Афинада қатты сезілді.

“Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша түнгі 00:30-да (GMT 21:30) Афинадан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым қашықтықта теңізде болды”, - деп мәлімдеді Афина Ұлттық обсерваториясының Геодинамика институты.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Эвбея аралының оңтүстік-батысындағы Неа Стира теңіз жағалауынан төрт шақырым жерде орналасқан”, - деп нақтылады институт.

Қазірге дейін зардап шеккендер немесе зақымданулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жақын маңдағы Марафон қаласының әкімі Стергиос Циркас бұл жер сілкінісін «өте күшті» деп сипаттады.

Аймақтың сейсмикалық белсенділігі

Мамыр айында Крит аралы маңында магнитудасы 6.1 балл болатын күшті жер сілкінісі тіркеліп, оның әсері Мысыр және Афинаға дейін сезілді.

Қаңтар және ақпан айларында Грекияның танымал мекені Эгей теңізіндегі Санторини аралында сейсмикалық қозғалыс көп тіркелді.

Оңтүстік-шығыс Жерорта теңізіндегі бірнеше жарықтың бойында орналасқан Грекия жер сілкіністеріне жиі ұшырайды.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»