ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті
Израильдің барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған екі адам дүйсенбі күні Иранда өлім жазасына кесілді.
Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметіне сәйкес, Иран Қытайдан кейін әлемде өлім жазасын ең көп қолданатын екінші ел саналады. / Reuters
 

Сот жүйесіне қарасты “Mizan Online” сайтының хабарлауынша, «Мохаммад Масум-Шахи мен Хамед Валидиге кесілген өлім жазасы бүгін таңсәріде орындалды».

Хабарда бұл екі адамның да «Израиль барлау агенттігі Моссадпен байланысы бар тыңшылық желісінің мүшелері» екені айтылған. Алайда олардың қашан ұсталғаны туралы мәлімет берілмеді.

“Mizan Online” сайтының мәліметінше, екеуі де «мохаребе», яғни «Аллаға қарсы соғыс ашу» деп сипатталатын өлім жазасына әкелетін айып бойынша, сондай-ақ «жау топтармен және сионистік режиммен ынтымақтасу» бабымен кінәлі деп танылған.

Иран 28 ақпаннан бері, яғни АҚШ және Израильмен соғыс басталғаннан кейін бірнеше адамға өлім жазасын кесті.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметіне сәйкес, Иран Қытайдан кейін әлемде өлім жазасын ең көп қолданатын екінші ел саналады.

Іздеу
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді