САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ақ Үй "Трамп Білім беру департаментін жабу туралы бұйрыққа қол қояды" деді
Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде білім беру қызметін штат әкімшіліктеріне жүктейтінін айтқан болатын. Бұл Республикалық партия өкілдері талап еткен мәселе.
Ақ Үй "Трамп Білім беру департаментін жабу туралы бұйрыққа қол қояды" деді
/ AP
20 Наурыз 2025

АҚШ президенті Дональд Трамптың Білім беру департаментін тарату туралы бұйрыққа қол қоюы күтілуде. Американдық консерваторлар мұны  көптен бері күткен  болатын.

Бірнеше бұқаралық ақпарат құралы бұл бұйрыққа бейсенбі күні Ақ Үйде өтетін рәсімде қол қойылатынын мәлімдеді. Осы кезеңде министрлікте қызметкерлерді және бюджетті қысқарту бағытында қадамдар басылды.

Трамптың білім беру министрі, бұрынғы «World Wrestling Entertainment» Бас директоры Линда МакМахон 3 наурызда ант қабылдағаннан кейін департамент «соңғы миссиясын» бастайтынын мәлімдеген жазба жариялады. Артынан бір апта ішінде департамент қызметкерлерінің санын екі есеге қысқарту туралы шешім қабылдады.

78 жастағы Трамп сайлау науқанында федералды үкіметтің білім саласындағы өкілеттігін штат әкімшілігіне беруге уәде берген болатын. Бұл идеяны ондаған жыл бойы республикашылдар  қолдап келеді.

АҚШ-та федералды үкіметтің білім беру саласындағы рөлі шектеулі. Бастауыш және орта мектептерді қаржыландырудың шамамен 13 пайызы федералды бюджетке тиесілі, ал қалғаны штаттар мен жергілікті әкімшілік тарапынан қаржыландырылады.

Алайда федералды қаржыландыру аз қамтылған мектептер мен ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін өте маңызды.  Сонымен қатар федералды үкімет білім алушылардың азаматтық құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Кейбір бағдарламалар енбейді

«Politico» басылымының мәліметінше бұл бұйрық МакМахонға департаментті жабу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырады. Бұл рәсімге бірнеше республикашыл губернатор қатысады деп күтілуде.

Бірнеше ақпарат көзі «университет студенттерінің стипендиясы мен табысы төмен мектептерді қаржыландыру сияқты кейбір негізгі бағдарламалар сақталады» деп хабарлады.

Мұндай бұйрық МакМахон қызметке кіріскеннен кейін көп ұзамай БАҚ-та тараған мәтіннен кейін күтілген болатын.

1979 жылы құрылған Білім беру департаменті заң бойынша Конгресс мақұлдамай жабылмайды және бұл шешімді қабылдатуға республикашылардың жеткілікті дауысы жоқ.

Сонымен қатар Трамп билігінің екінші кезеңінде басқа федералды агенттіктердегідей Білім беру департаментінде қаржылық және қызметкерлер қысқартулары болуы мүмкін. Бұл оның жұмысын айтарлықтай әлсіретуі ықтимал.

Бұл процесті Илон Масктің Мемлекеттік тиімділік департаменті (DOGE) басқарады. Бірақ департаменттің жылдам әрекеттері атқарушы биліктен асып түседі деп сот тарапынан сынға ұшырауда.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді