САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің Еуропалық одаққа толыққанды мүше болуға лайық екенін мәлімдеді.
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Зеленский Киевке іссапармен келген Урсула фон дер Ляйенмен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
 

Владимир Зеленский «Украина – Оңтүстік-Шығыс Еуропа саммитіне» қатысу үшін Украинаға барған Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Зеленский 2022 жылғы ақпанда Ресей мен Украина арасында соғыс басталғалы бері еліне көрсеткен қолдауы үшін Еуропалық одаққа алғыс айтып, саяси және қорғаныс салаларындағы көмектің Украина үшін маңызды екенін атап өтті.

Украинаның Еуропалық одақпен ықпалдасу үдерісіне тоқталған Зеленский: «Бүгінде Еуропада бұл мәселеге қатысты барлығы ортақ пікірде. Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз», – деді.

Зеленский Еуропалық одақтың Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакетін мақұлдауын күтетіндерін жеткізіп, «Ортақ қысымның, Еуропа және АҚШ-пен ынтымақтастығымыздың, сондай-ақ халқымыздың арқасында бейбітшілікке міндетті түрде қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз біртұтас әрі қуатты Еуропада бірге бейбіт өмір сүретін боламыз», – деп мәлімдеді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»