Түркия Израильдің Сирияға шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылдың халықаралық құқықты, сондай-ақ Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатынын мәлімдеді.

By
Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылдың халықаралық құқықты, сондай-ақ Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатынын мәлімдеді. / Public domain

Түркия Израильдің Сирияның оңтүстігіндегі әскери инфрақұрылымды нысанаға алған шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жұма күні жасаған мәлімдемесінде бұл шабуылдың халықаралық құқықты бұзатынын және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретінін білдірді.

Министрлік халықаралық қауымдастықты Израильдің шабуылдарын тоқтату үшін жауапкершілік алуға шақырып, 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің орындалуының маңыздылығына назар аударды.

Мәлімдемеде Сирияның аумақтық тұтастығы, бірлігі және егемендігі негізінде елде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі үшін Түркияның Сирия үкіметі және халқымен ынтымақтастығын жалғастыратына назар аударылды.

Израиль армиясы бұған дейін жасаған мәлімдемесінде Сирияның оңтүстігінде Дамаск билігіне тиесілі әскери базалардағы бір командалық орталық пен қару-жарақ қоймаларын нысанаға алғанын хабарлаған болатын.

Сирияның Сыртқы істер министрлігі де әскери инфрақұрылымды нысанаға алған шабуылды айыптады.