ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған «Аналар күнімен» құттықтады
Ердоған: «Аналарымыздың мықты Түркияның қалыптасуында ең үлкен үлеске ие екенін білеміз және аналарымыздың арқасында «Түркия ғасыры» атты мақсатымызға жететінімізге шын жүректен сенемін», — деді.
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Президент Ердоған «Аналар күнімен» құттықтады / TRT Balkan

Президент Режеп Тайып Ердоған «Аналар күніне» орай жазбаша құттықтау жариялады. Мәлімдемеде:

«Өзінің мейірімі және жанқиярлығымен өмірімізге бағыт-бағдар беріп, отбасымыз бен қоғамымыздың басты тірегіне айналған аналарымызды Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Жұмақ — аналардың табанының астында» деген қағиданы ұстанған ұлы өркениеттің өкілдері ретінде біз аналардың еңбегі мен күш-жігерін әрқашан басымызға тәж етіп, олардың әл-ауқаты мен тыныштығы үшін жұмыс істейміз. Аналарымыздың мықты Түркияның қалыптасуында ең үлкен үлеске ие екенін білеміз және ардақты аналарымыздың арқасында «Түркия ғасыры» атты мақсатымызға жететінімізге шын жүректен сенемін. Ең үлкен мақтау мен құрметке лайықты аналарымызды Аналар күнімен құттықтаймын, бұл дүниеден өткен барша анамызды ерекше рақыммен және шексіз алғыспен еске аламын» делінген.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты