ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу авиациялық отынды экспорттаушы ел болып табылатын Түркияның, жаһандық бағаның өсуіне қарамастан, қазіргі уақытта жеткізуде ешқандай қиындық көріп отырмағанын мәлімдеді.
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ” / Anadolu Agency

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу сәрсенбі күні Стамбул өнеркәсіп палатасының жиынынан кейін журналистерге берген сұхбатында шикі мұнай бағасы 50%-дан астам өскенімен авиациялық отын бағасы жаһандық деңгейде екі еседен астам қымбаттағанын атап өтті.

Министр аймақтық авиация мәселелеріне де тоқталып, бұған дейін Иранда қалып қойған түріктің «Pegasus Airlines» компаниясына тиесілі ұшақтың сейсенбі күні Түркияға оралғанын растады. Уралоғлу бейсенбі күніне дейін Ираннан «Түрік әуе жолдарының» (THY) тағы бір ұшағы қайтарылатынын жеткізді.

Министрдің айтуынша, түрік әуе компаниялары, соның ішінде «Түрік әуе жолдары» мен «Pegasus» мамыр айының соңына дейін аймақтағы көптеген елдің әуе кеңістігі жабық болуына байланысты бұл бағыттардағы рейстерін тоқтатқан. Қазіргі уақытта Түркия жолаушылардың қауіпсіздігін басты орынға қоя отырып, Ираннан келіп түскен ұшу рұқсаты туралы өтініштерді қарастырып жатыр.

Автомагистральдар мен көпірлерден өту ақысының ықтимал қымбаттауына қатысты сұраққа жауап берген Уралоғлу үкімет нарықтағы тұрақтылықты бақылап отырғанын және дәл қазір күн тәртібінде қосымша тариф өсімі жоқ екенін айтты.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды