ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады
Ауыл әкімшілігінің өкілдері қаруланған қоныстанушылардың Вифлеем (Бейтүлләһим) маңында оқ жаудырып, ауыл тұрғындарына шабуыл жасағанын, басып алынған аймақта зорлық-зомбылықтың артқанын хабарлады.
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады / Reuters

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, сенбі күні израильдік қоныстанушылар басып алынған Батыс Шериядағы бір ауылға жасаған шабуылдарында бес палестиналықты жаралаған, оның екеуіне оқ тиген.

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шабуыл Вифлеемнің шығысындағы Кисан ауылына жақын орналасқан Рашайда аймағында болған. Қоныстанушылардың ауыл тұрғындарын шын оқтармен атқаны хабарланды.

Аймақтың муниципалды басшысы Мұса Абаят екі палестиналықтың оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін, ал тағы үш адамның соққыға жығылу немесе тас тию салдарынан жараланғанын айтты.

Абаят сонымен қатар қоныстанушылардың 100 қойды ұрлап кеткенін мәлімдеп, аймақтағы палестиналық қауымдастықтарға қарсы жасалып жатқан «күнделікті шабуылдарды» айыптады.

Рашайда аймағының басшысы Мұса Абаят оқиғадан кейін Израиль күштерінің аймаққа келгенін және жараланған палестиналықтардың кейбірін тұтқындап әкеткенін жеткізді.

Басып алынған Батыс Шерияда қоныстанушылар тарапынан осындай зорлық-зомбылық күрт артты. Палестиналық ресми өкілдер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы наурыз айының басынан бері қоныстанушылардың шабуылдарынан кем дегенде бес палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері Батыс Шерияда Израиль күштері немесе қоныстанушылар тарапынан кем дегенде 1 045 палестиналық өлтірілген.

Іздеу
Мұнай бағасы артты
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Израиль Ливанға шабуылдады
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде бір мектепті бомбалады
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
Израиль Газада үш адамды өлтірді
Израильдік сарбаз Иса пайғамбардың мүсінін қиратты
Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға шекарадан аулақ болуды ескертті
Украина Ресейдің Туапсе портын нысанаға алды