ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті
«Алаңда өзімді өте жақсы сезіндім. Қолдауды сезіндім, тіпті бәріміз бірге ойнап жатқандай әсерде болдым».
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті / Reuters

Түрік спортшы Зейнеп Сөнмез сәрсенбі күні өзін қолдаған жанкүйерлер алдында Аустралия ашық чемпионатындағы жетістігін жалғастырып, мұндай атмосфераны бұрын-соңды бастан өткермегенін айтты.

Ол мажарстандық Анна Бондарды 6-2, 6-4 есебімен жеңіп, үшінші турда қазақстандық Юлия Путинцевамен жұптасты.

23 жастағы стамбулдық Сөнмез алғашқы матчында 11-нөмірлі Екатерина Александрованы баса озып, Мельбурнда екінші айналымға өткен алғашқы түрік әйел теннисші атанды.

ҚатыстыТүркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез өзін жайсыз сезінген доп жинаушыға көмектесті - TRT Қазақ - TRT Қазақ

«Жанкүйерлер арасында түріктердің өте көп екенін көргенімде қатты қуандым, өзімді үйдегідей сезіндім», - деді Зейнеп. Ол түрік туын желбіреткен отандастарының өзін ерекше қолдағанын айтып, сөзін былай жалғастырды: «Басында сәл қобалжыдым, кейін үйреніп кеттім. Алаңда өзімді өте жақсы сезіндім. Қолдауды шынымен сезіндім және тіпті бәріміз бірге ойнап жатқандай едік».

Сөнмез былтыр Уимблдонда атын тарихқа енгізіп, «Grand Slam» турнирінде үшінші турға өткен алғашқы түрік теннисші болды.

Ол сол кезде де мықты қолдау көргенін, алайда бұл жолы одан да жақсы болғанын айтты. «Уимблдонда да көп адам болды, мұнда да бірінші турға көп жанкүйер келді. Бірақ бүгін... Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін», - деді.

2024 жылы Мексикада «WTA» чемпиондығын жеңіп алған Сөнмез түрік жанкүйерлердің сол кезде де өте мықты қолдағанын жеткізді. Сондай-ақ Түркиядағы теннис жанкүйерлерінің таңның атысымен теледидар алдында оны қарап отырғанын білудің өзі де оны жігерлендіргенін айтты.

«Олардың қолдайтынын білемін. Мені көріп отырғанын білемін. Сағат шамамен 03:00 еді. Көптеген адамның мені көру үшін ұйқыдан ерте оянғанын білемін», - деді түрік әйел теннисші Зейнеп Сөнмез.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты