32 кубалық жауынгер қаза тапты

Гавана Венесуэла президенті Мадуроның ұсталуымен аяқталған АҚШ операциясы барысында қаза тапқан кубалық жауынгерлерге байланысты екі күндік аза тұту жариялады.

By
2026 жылы 3 қаңтарда Гаванада Куба президенті Венесуэла туын ұстап сөз сөйледі. / AFP

Куба Вашингтон «ауқымды шабуыл» деп сипаттаған және Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұсталуымен аяқталған АҚШ-тың әскери операциясы кезінде 32 жауынгерініің қаза тапқанын білдірді.

Куба президенті Мигель Диас-Канель жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде өз міндеттерін абыроймен орындап, Кубаның көп жылдан бергі халықаралық ынтымақтастық рухына сай «берік қарсылық» көрсеткен жауынгерлерді еске алу мақсатында 5 және 6 қаңтар күндері ұлттық аза тұту күндері ретінде жарияланғанын хабарлады.

Куба үкіметінің мәліметінше, қаза тапқандар — екіжақты ынтымақтастық аясында Венесуэла билігінің өтінішімен жіберілген Куба Революциялық Қарулы күштері мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері.Венесуэла да қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетті.

Каракас билігі: «Ынтымақтастық пен қорғаныс миссиялары аясында өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан 32 кубалық жауынгерді құрметпен еске аламыз», -деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін сенбі күнгі рейд барысында Мадуроны қорғауға жауапты болған көптеген кубалық қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын айтқан болатын.

Сенбі күні кешке Нью-Йоркке жеткізілген Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес қазіргі уақытта Бруклиндегі Метрополитен қамау орталығында ұсталып отыр.