ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сирия армиясы  YPG-ні «заңды нысана» деп жариялады
Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия армиясы Алепподағы YPG террористік ұйымын заңды әскери нысана деп жариялағанын мәлімдеді.
Сирия армиясы  YPG-ні «заңды нысана» деп жариялады
Сирия армиясы Cирия демократиялық күштерін «заңды нысана» деп жариялады / SANA via AP

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігі сәрсенбі күні Сирия армиясы қаладағы шиеленістің күшеюі мен қырғын салдарынан Алеппоның Шейх Максуд және Ашрафия аудандарындағы YPG террористік ұйымына тиесілі әскери позицияларды «заңды нысана» деп анықтағанын хабарлады.

Бұл мәлімдеме YPG сәрсенбі күні таңертең Алепподағы тұрғын аудандарды қайтадан атқылай бастағаннан кейін жасалды.

«SANA» бұған дейін соңғы шабуылдың Алеппоның солтүстігіндегі әл-Суриян ауданын нысанаға алғанын, сондай-ақ Сирия армиясы бөлімшелерінің Кастелло және әл-Шейхан майдандарында лаңкестік ұйыммен қақтығысқанын хабарлаған болатын.

Бұл атқылаудан бұрын YPG террористерінің Алеппоға жасаған бірқатар шабуылы салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 16 адам жараланған болды.

Әскери операциялар басқармасы екі ауданның жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден (12:00 GMT) кейін жабық әскери аймақ деп есептелетінін мәлімдеп, бейбіт тұрғындарды YPG позицияларынан аулақ болуға шақырды және көрсетілген уақыттан бастап бұл екі аумақта қозғалысқа толық тыйым салынатынын хабарлады.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты