САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Хаменеи: "Трамп АҚШ шабуылдарының ауқымын асыра сілтеді"
Иранның жоғарғы көшбасшысы АҚШ-тың Тегеранның ядролық нысандарына жасаған соққылары "ештеңеге қол жеткізе алмады" және "өз мақсатына жете алмады" деп мәлімдеді.
Хаменеи: "Трамп АҚШ шабуылдарының ауқымын асыра сілтеді"
/ Reuters


Иранның Жоғарғы көшбасшысы АҚШ-тың Тегеранның ядролық нысандарына жасаған шабуылдары "ешқандай нәтижеге қол жеткізбеді" және "мақсатына жете алмады" деді.

Иранның рухани көсемі АҚШ президенті Дональд Трампты Американың Иранның ядролық нысандарына жасаған әскери шабуылдарының нәтижесін асыра көрсетіп, бұл әрекеттердің маңызды ештеңе әкелмегенін мәлімдеді.

"Америка президенті оқиғаларды бұрын-соңды болмаған деңгейде әсіреледі, әрі оның мұндай әсірелеуге мұқтаж болғаны аңғарылды," – деді Әли Хаменеи жексенбі күні өзінің ресми “X” парақшасында.

"Бұл сөздерді естіген әр адам астарында басқа шындық жатқанын бірден түсінді. Олар ештеңе істей алмады және осы шындықты жасыру үшін әсірелеуге жүгінді," – деп қосты ол.

Бұған дейін Трамп “Fox News” арнасына берген сұхбатында: "Біз ендік, ядролық мүмкіндіктерін жойдық және тоқтадық. Бұл керемет шешім болды. Олар әрі қарай ештеңе істей алмады… Бұл өте қарқынды 12 күн болды. Өте, өте қарқынды," – деген болатын.

13 маусымда Израиль Иранның әскери, ядролық және азаматтық нысандарына әуе шабуылдарын жасап, Израиль мен Иран арасында қақтығыс басталды. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдар салдарынан кемінде 606 адам қаза тауып, 5 332 адам жараланды.

Тегеран Израильге жауап ретінде зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл ұйымдастырды. Еврей университетінің деректеріне сәйкес, Израильде кемінде 29 адам қаза тауып, 3 400-ден астам адам жараланған.

АҚШ қақтығыс барысында Иранның Фордоу, Натанз және Исфахан ядролық нысандарына әуеден соққы енгізді.

Қақтығыс 24 маусымда күшіне енген АҚШ қолдаған бітіммен аяқталды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті