Түркия Сыртқы істер министрлігі Дамаск қаласының Хиджаз ауданына жасалып, адам шығынына әкелген шабуылды қатаң айыптады.
Министрлік Сирияда болған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде: «Сирия астанасы Дамаск қаласының Хиджаз ауданына жасалған шабуылды қатаң айыптаймыз», – делінді.
Министрлік шабуылда қаза тапқандарға Алладан рақым, жараланғандарға шипа тілеп, қаза болғандардың жақындары мен Сирия халқына көңіл айтты.
Мәлімдемеде: «Сирия халқы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруді көздейтін мұндай әрекеттерге, сондай-ақ қоғамдық тыныштықты бұзуға ұмтылған күштерге бірлігі мен ынтымағын сақтау арқылы жауап береді деп сенеміз», - делінген.
Сондай-ақ мәлімдемеде Түркияның осы үдерісте Сириямен ынтымақтастықты жалғастыратыны айтылды.
Сириядағы шабуыл
Дамаск қаласының орталықтарының бірі, тарихи Хамидия базарына апаратын жол бойында Әділет сарайының жанындағы кафеде болған жарылыстан 5 адамның қаза тапқаны, 16 адамның жараланғаны хабарланған еді.
Сирия Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, шабуыл қолдан жасалған жарылғыш затпен жүзеге асырылған.




















