ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Сатылымның жалпы құны 80,1 миллион доллар болады деп болжанып отыр.
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
АҚШ Грекияға ықтимал әскери жабдықтарды сатуды мақұлдады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Грекияға «Switchblade 300 Block 20» үлгісіндегі шағын дрондарды сату мүмкіндігін мақұлдады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Грекияға әскери техника сату мүмкіндігіне қатысты мәлімдемесінде жалпы құны 80,1 миллион долларға бағаланған «Switchblade 300 Block 20» үлгісіндегі шағын дрондар мен оларға арналған жабдықтарды сатуға келісім берілгені айтылды.

Мәлімдемеде: «Бұл ықтимал сатылым Еуропадағы саяси және экономикалық тұрақтылыққа үлес қосып отырған НАТО-дағы одақтастың қауіпсіздігін күшейту арқылы АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне қызмет етеді», – делінген.

Сондай-ақ бұл келісімнің Грекияның қазіргі және болашақтағы қауіп-қатерлерді тежеу, коалициялық операцияларды қолдау және АҚШ-пен әскери үйлесімділікті арттыру мүмкіндігін күшейтетіні атап өтілді.

«Аталған техника мен қолдау құралдарының сатылуы аймақтағы негізгі әскери тепе-теңдікті өзгертпейді», – делінген мәлімдемеде.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»