САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Иранға қарсы соғысын қолдамайды
Жаңа сауалнама АҚШ-та тіркелген сайлаушылардың 54 пайызы Дональд Трамптың Иранға қарсы соғысты жүргізу тәсілін қолдамайтынын көрсетті.
Америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Иранға қарсы соғысын қолдамайды
Америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Иранға қарсы соғысын қолдамайды / Reuters

«NBC News» жүргізген жаңа сауалнамаға сәйкес, АҚШ-та тіркелген сайлаушылардың көпшілігі Дональд Трамптың Иранмен болған шиеленісті басқару тәсілін құптамайды және «Америка әскери шабуыл бастамауы керек еді» деген пікірде.  

Сауалнама нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 54 пайызы Дональд Трамптың Иранға қатысты саясатын қолдамайтынын, ал 41 пайызы қолдайтынын білдірген. 5 пайызы болса жауап бермеген.

Әскери операция мәселесіне қатысты сұрақта қатысушылардың 52 пайызы АҚШ Иранға шабуыл жасамауы керек деп есептейді, ал 41 пайызы бұл шешімді қолдаған. 7 пайызы бұл мәселе бойынша нақты пікір білдірмеген.

Пікірлер негізінен партиялық ұстанымдарға сәйкес келеді, алайда сауалнама әскери операцияға наразы республикашыл топтың бар екенін көрсетті.

Сонымен қатар ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар да анық байқалды. Жас және егде жастағы сайлаушылар соғыстың алғашқы кезеңдеріне әртүрлі реакция білдірген.

«NBC News» жүргізген бұрынғы сауалнамалар АҚШ-тың әскери операцияларына бастапқы кезеңде қоғамдық қолдау әдетте жоғары болатынын көрсетеді.

Мәселен 2002 жылдың басынан 2003 жылдың басына дейінгі сауалнамалар америкалықтардың көпшілігі Саддам Хусейнді биліктен кетіру мақсатында Иракта жүргізілген әскери операцияны қолдағанын көрсетті.

Сондай-ақ 2001 жылдың қазанында америкалықтардың 87 пайызы 11 қыркүйек терактілерінен кейін Ауғанстандағы алғашқы АҚШ шабуылдары кезінде Джордж Буштың терроризмге қарсы соғыс жүргізу тәсілін мақұлдаған. Алайда уақыт өте келе бұл соғыстарға қолдау азайып, көптеген америкалық олардың жұмсалған шығынға тұрмайтыны туралы қорытындыға келген.

Республикашылдар Иранға қарсы соғысты қолдайды

Иранға қарсы шабуылдарға ең күшті қолдау республикашылдар арасында байқалды. Республикашыл сайлаушылардың шамамен 77 пайызы АҚШ-тың шабуылын қолдаса, 15 пайызы қарсы шыққан. Сауалнама сондай-ақ партия ішіндегі көзқарастың әртүрлі екенін көрсетті.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады