Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан әскери қызметкерлерінің қатысуымен Әзербайжанда өтіп жатқан «Бірліктің күші-2026» бірлескен әскери жаттығуында шартты нысаналар дәл соққымен жойылды.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан қарулы күштері қатысып жатқан «Бірліктің күші-2026» жаттығуы жоспарға сай сәтті жалғасуда.
Мәлімдемеде жаттығуға қатысушы әскери қызметкерлердің түрлі оқу және жауынгерлік сценарийлер бойынша практикалық тапсырмаларды орындағаны айтылды.
Сондай-ақ артиллериялық бөлімшелер жүргізген атыс барысында шартты террористік нысаналардың дәл соққымен жойылғаны хабарланды.






















