Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады.
Әзербайжан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, ресми сапармен Бакуге келген Фиданды президент Әлиев қабылдады.
Кездесуде Түркия-Әзербайжан арасындағы бауырластық және стратегиялық одақтастық қатынастарының барлық салаларда сәтті дамып келе жатқаны, ынтымақтастықтың «бір ұлт, екі мемлекет» қағидаты негізінде одан әрі нығайып жатқаны қанағаттанушылықпен білдірілді.
Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталған кездесуде баламалы энергетика бойынша халықаралық нарықтарға шығудың жаңа жолдары төңірегінде пікір алмасылды.
Түркия мен Әзербайжанның логистикалық тұрғыдан маңыздылығына, әсіресе Еуропа мен Азия арасында маңызды көпір рөлін атқаратынына назар аударылған кездесуде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылдарды үйлестірудің маңызы атап өтілді.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың болашағы, аймақтық мәселелер және тараптарды қызықтыратын басқа да тақырыптар талқыланды.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сапар аясында Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен де кездесті.






















