САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
Аракчи Ормуз бұғазының қорғаушысы Иран екенін және бұл мәртебе мәңгі сақталатынын айтты.
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи
 

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазында Иранға қарсы АҚШ-тың теңіз қоршауы қайта күшіне енгенін және бұғаз арқылы өтетін барлық жүкке 20 пайыздық транзиттік алым алынатынын мәлімдеді.

Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында: «Ормуз бұғазы ашық және Иранға қарамастан ашық қалады», — деді.

Ол тек Иран кемелері мен Иранның атынан әрекет ететін кемелердің бұғазға кіріп-шығуына тосқауыл қойылғанын айтып, бұл шараның «Иран қоршауы» деген атаумен енгізілгенін жеткізді.

Трамп барлық ел Ормуз бұғазын ашық әрі тең жағдайда пайдалана алатынын айтып: «Бұдан былай АҚШ Ормуз бұғазының қорғаушысы», — деді.

Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарына тоқталған ол: «Әлемнің аса тұрақсыз аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге кететін барлық шығынды өтеу үшін бұғаз арқылы өтетін барлық жүктен 20 пайыздық транзиттік алым алынады», — деді.

Трамп бұл талаптың дереу күшіне енетінін мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Трамптың Ормуз бұғазынан өтетін барлық жүктен 20 пайыздық алым алу туралы мәлімдемесіне мысқылмен жауап берді.

Аракчи «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «АҚШ президентінің бұл мәселе туралы айтқандары орынды. Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің қауіпсіз өтуін кім қамтамасыз етсе, сол бұл қызмет үшін ақы алуға тиіс», — деп жазды.

Аракчи: «Ормуз бұғазының қорғаушысы Иран және солай болып қала береді. 20 пайыз тым көп. Біз әділ боламыз», — деді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»