ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
9-шы "TRT World" Форумы Стамбулда диалог пен әділеттілікке шақырады
"TRT World Forum" құрылғаннан бері Солтүстік және Оңтүстік жартышарлар арасындағы көзқарастарды жақындастыратын маңызды алаңға айналды.
9-шы "TRT World" Форумы Стамбулда диалог пен әділеттілікке шақырады
9-шы "TRT World" Форумы Стамбулда диалог пен әділеттілікке шақырады / TRT World
 

9-шы “TRT World Forum” жұма күні Стамбулда басталады. Бұл форум әлемнің түкпір-түкпірінен көшбасшыларды, ойшылдарды және өзгеріс жасаушыларды жинап, белгісіздік кезеңінде жаһандық шындықтардың қалай өзгеріп жатқанын талқылайды.

«Жаһандық қайта құру: Ескі тәртіптен жаңа шындықтарға» тақырыбымен өтетін екі күндік шара экономика, технология, медиа және халықаралық құқық салаларындағы өзгерістердің біздің өмірімізге қалай әсер ететінін талқылайды.

Түркияның мемлекеттік хабар тарату ұйымы TRT ұйымдастырған бұл жыл сайынғы форум айтылмай жүрген мәселелерді алдыңғы қатарға шығарып, жаһандық әңгімелерді қалыптастырудағы медианың рөлін талқылауға арналған алаң ретінде қызмет етеді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған форумның беташар сөзін сөйлейді деп жоспарланған, бұл дәстүр 2017 жылы форум басталғаннан бері жалғасып келеді.

Оның алдыңғы баяндамалары Түркияның халықаралық қатынастардағы өзгеріп жатқан рөлі мен әділетті жаһандық тәртіп қажеттілігіне бағытталған болатын.

Биылғы форумда келесі өзекті тақырыптар талқыланады:

  • Стратегиялық автономияны құру: Түркия және жаһандық қорғаныс парадигмасы

  • Сирияның жаңа таңы: Қайта құру және тұрақтылық жол картасы

  • Қақтығыстар болашағы: Шығыс Африкадағы қақтығыстар мен келісім

  • Құрбандықтан тойтарысқа: Газа әділет жолында

Форумдағы тақырыптар тек саясатпен шектелмейді. Форумда норвегиялық өнер қайраткері Вибеке Харпердің «3925 жоғалған болашақ» атты әсерлі қойылымы да өтеді.

Осы айдың басында Харпер Ослодағы “Vega Scene-де” 68 сағаттық еске алу рәсімін өткізді, онда қатысушылар Газа аймағында қаза тапқан 18 459 баланың есімдерін оқыды. Әр есім қабырғаға ілініп, мәңгілік естелік ретінде қалдырылды.

“TRT World Forum” 2025 аясында Харпер бұл қойылымды жаңа еске алу рәсіміне бейімдейді. Қатысушылар 18 бен 20 жас аралығындағы 3 925 жас адамның есімдерін оқып, қызыл қағазға жазып, үнсіз құрмет ретінде қабырғаға орналастырады.

Бұл қойылым форумдағы талқылауларға терең адамгершілік және эмоционалды сезім қосып, әрбір статистиканың артында бір оқиға жатқанын еске салады. Жаһандық диалог тек талдауға ғана емес, сонымен қатар жанашырлыққа негізделуі тиіс екенін көрсетеді.

“TRT World Forum” құрылғаннан бері континенттер арасындағы дауыстарды байланыстыратын, Солтүстік пен Оңтүстік жартышар арасындағы көзқарастарды жақындастыратын және біз бірге құрып жатқан әлем туралы күрделі сұрақтар қоятын маңызды алаңға айналды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»