ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің алып компаниясы «Aselsan» бұл өндірістің Түркияның «Болат күмбез» әуе қорғанысы жүйесін одан әрі нығайта түсетінін мәлімдеді.
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды

Түркияның «Aselsan» қорғаныс компаниясы дүйсенбі күні гибридті әуе қорғанысы жүйелерін жеткізу мақсатында Қорғаныс өнеркәсібі басқармасымен 2,46 миллиард еуро (2,75 миллиард доллар) сомасында келісімшартқа қол қойғанын жариялады.

Қоғамды ақпараттандыру платформасына (KAP) жасалған мәлімдемеде «Aselsan» аталған келісімдердің компания кірісіне оң әсер ететінін білдірді.

Компания жаңа іскерлік қарым-қатынастың басталу күні ретінде 5 қазанды көрсетті.

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы «Aselsan» компаниясының жарияланған соңғы қаржылық есептерінде компанияның таза сату түсімінің 30,6 пайызын және коммерциялық дебиторлық қарыздарының 37,8 пайызын құрайды.

«Aselsan» келісімшарт аясындағы жүйелерді жеткізу кестесін жариялаған жоқ.

«Aselsan» Бас атқарушы директоры Ахмет Акйол түрік әлеуметтік медиа платформасы «NSosyal» арқылы жасаған мәлімдемесінде жалғасып жатқан жаппай өндіріс жұмыстары Түркияның «Болат күмбез» әуе қорғанысы жүйесін одан әрі нығайтып, елдің әуе кеңістігін қорғау деңгейін арттыратынын атап өтті.

Түркияны өз әуе қорғанысы жүйелерін әзірлей алатын санаулы елдердің бірі ретінде сипаттаған Акйол тәуелсіз қорғаныс өнеркәсібі мақсаты бағытында «күндіз-түні» жұмыс істеуді жалғастыруға уәде берді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті