ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Пәкістан сауда келісімінен кейін АҚШ-тан алғаш рет шикі мұнай сатып алды
“Cnergyico” компаниясы АҚШ-тан алғаш рет мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл Пәкістан үшін мұнай импортын әртараптандыру жолындағы маңызды қадам.
Пәкістан сауда келісімінен кейін АҚШ-тан алғаш рет шикі мұнай сатып алды
/ Cnergyico

“Cnergyico” компаниясы бас директорының орынбасары Усама Куреши жұма күні “Reuters” агенттігіне берген сұхбатында Пәкістандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты “Cnergyico” қазан айында “Vitol” компаниясынан бір миллион баррель мұнай импорттайтынын хабарлады. Бұл келісім АҚШ-пен жасалған сауда мәмілесі аясында Пәкістанның алғаш рет Америкадан шикі мұнай сатып алуын білдіреді.

Хьюстон портынан жөнелтілетін “West Texas Intermediate” жеңіл шикі мұнайы қазан айының екінші жартысында Карачи қаласына жетеді деп күтілуде. Курешидің айтуынша, бұл — “Vitol” компаниясымен жасалған шеңберлік келісімге сәйкес жүзеге асырылатын сынақтық жөнелтілім. Егер коммерциялық тұрғыда тиімді әрі қолжетімді болса, айына кем дегенде бір кеме мұнай импортталуы мүмкін. Сонымен қатар ол бұл мұнайдың қайта сату үшін емес екенін атап өтті.

Куреши бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамп сәуір айында Пәкістаннан әкелінетін тауарларға 29% кедендік баж салығын енгізу қаупін төндіргеннен кейін басталған бірнеше айлық келіссөздердің нәтижесінде іске асқанын айтты.

Оның айтуынша, сәуірдегі мәлімдемеден кейін Пәкістанның Қаржы және Мұнай министрліктері отандық мұнай өңдеу зауыттарын АҚШ-тан шикі мұнай импортын зерттеуге ынталандырған.

“Vitol” компаниясы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін берілген пікір сұранысына жауап берген жоқ.

Бейсенбі күні Пәкістан АҚШ-пен жасалған сауда келісімін құптап, бұл қадам шетелдік инвестицияны арттыруға ықпал етеді деп мәлімдеді. Сол күні Ақ Үй АҚШ-қа Пәкістаннан әкелінетін импортқа 19% кедендік баж салығы енгізілетінін хабарлады.

Қытайдың маңызды одақтасы болып саналатын Пәкістан Трамптың кедендік салық туралы мәлімдемесінен кейін АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсарта бастады. Пәкістан Үндістанмен болған соңғы шиеленісті реттеудегі АҚШ-тың дипломатиялық араласуына алғыс білдіріп, Дональд Трампты Нобель Бейбітшілік сыйлығына ұсынған болатын.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»