ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Гөбеклитепе қазыналары Римдегі Колизей көрмесінде
Римнің көрнекті Колизейі Түркия мен Италия арасындағы маңызды ынтымақтастық аясында әлемдегі ең көне ғибадатхана Гөбеклитепенің тарихи жәдігерлерінің көрмесін ашты.
00:00
Гөбеклитепе қазыналары Римдегі Колизей көрмесінде
Гөбеклитепе қазыналары Римдегі Колизей көрмесінде / AA Archive
 

Римнің көрнекті құрылымы Колизей Анадолыдағы 12000 жылдық археологиялық қазыналардан үш тас жәдігердің көшірмелерін көрсететін Гөбеклитепе көрмесін ашты. Көрме келушілерге алты ай бойы ашық .

Бұл іс-шара Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Түркияның Италиядағы елшілігі, Италия Мәдениет министрлігі, Колизей археологиялық саябағы мен Рим форумы басқармасы және Түрік әуе жолдарының бірлескен бастамасы.

Бейсенбі күні басталған көрмеде тарихи жәдігерлердің көшірмелерімен бірге Гөбеклитепе қабылдау орталығында көрсетілген фильм үзінділері, цифрлық қондырғылар мен ақпараттық панельдер бар.

Ашылу салтанатына Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Языджы және итальяндық әріптесі қатысты.

«Ғасырлар бойы әлемнің орталығы саналған Колизейдің керемет атмосферасында адамзат тарихындағы ең маңызды кезең Гөбеклитепенің терең тарихын назарларыңызға ұсынамыз», - деді Языджы салтанатты шараның ашылуында. Әйгілі Колизейдің екінші қабатында ұйымдастырылған көрме 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін ашық. Көшірмелер мен субтитрлі фильмдер Мәдени мұра және мұражайлар басқармасының арнайы тапсырысымен жасалды. Ал Түрік әуе жолдары жәдігерлерді  Римге тегін тасымалдады.

Әлемдегі ең көне ғибадатхана

Қонақтарға Гөбеклитепеде өсірілген бидайдан дайындалған нан, баклава, түрік локумы және түрік-итальян асханаларынан түрлі тағамдар ұсынылды.

Әлемдегі ең көне ғибадатхана болып саналатын Гөбеклитепе 2011 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінде.

1963 жылы Стамбул және Чикаго университеттерінің бірлескен зерттеулері кезінде табылған бұл ғибадатхана Шанлыурфада орналасқан. Соңғы жылдары келушілер саны рекордтық дәрежеде артты. Әуе шарлары турларының қосылуы осы ежелгі ғажайыпқа жаңа серпін берді.

 

Іздеу
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр