ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
ДДСҰ Ресейден оба ауруы туралы ашық болуды сұрайды
АҚШ президенті Дональд Трамп Сібірдегі зертханада болған өлім оқиғасына байланысты Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр.
ДДСҰ Ресейден оба ауруы туралы ашық болуды сұрайды
ДДСҰ Ресейден оба ауруы туралы ашық болуды сұрайды / Reuters

Вашингтонның Мәскеуге дипломатиялық қысымды арттырған кезеңінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сібірдегі обаны зерттеу орталығында зертхана қызметкері қайтыс болғаннан кейін Ресейді толық ашықтықты қамтамасыз етуге шақырды.

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус «Қайшы мәлімдемелерді айқындау және қоғамдық денсаулық сақтаудың ықтимал тәуекелдерін дұрыс бағалауды қамтамасыз ету үшін Халықаралық денсаулық сақтау ережелері шеңберінде уақтылы, толық әрі ашық ақпарат алмасу өмірлік маңызға ие», — деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та Ақ Үйде жасаған мәлімдемесінде аталған оқиғаны тікелей Ресей президенті Владимир Путинмен талқылайтынын растады.

Журналистерге «Иә, жоспарланған кездесуім бар», — деген Трамп бұл әңгіменің «жақын арада» өтетінін білдірді.

Қайшы ақпараттар

Ресейдегі тәуелсіз «People of Baikal» жаңалықтар басылымы Сібір және Қиыр Шығыс Иркутск Обаға қарсы зерттеу институтында құрамында патоген бар сынауықты түсіріп алған 28 жастағы қызметкер Дарья Шипилованың өкпе обасын жұқтырғанын және онымен байланыста болған 200-ге жуық адамның карантинге алынғанын хабарлады.

Ресейлік өкілдер өлімнен кейін жүргізілген сараптамалардың Шипилованың жұмысына қатысты ешқандай патогенді көрсетпегенін алға тартып, бұл хабарламаларды теріске шығарды.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр

Өкпе обасы — емделмеген жағдайда тыныс алу жеткіліксіздігіне және өлімге әкелетін бактериялық инфекцияның ең қауіпті әрі жұқпалы түрі.

Трамптың көмек ұсыныстарына жауап берген Ресейдің тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызметі (Роспотребнадзор) Мәскеудің де асқынып бара жатқан жұқпалы аурулар дағдарысымен күресіп жатқан АҚШ-қа көмектесуге дайын екенін айтып, қарсы мәлімдеме жасады.

Іздеу
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Немрут тауына келушілер көбейді
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Мәдениет министрі Ерсой АҚШ елшісін қабылдады
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Балаларға қол көтермеңіз! Физикалық жазаның әсері зерттелді
Памуккале келуші саны бойынша тағы бір мәрте рекорд жаңартты
Психологиялық қолдау үшін чат-ботқа жүгінетін жастар саны артты
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Қозғалыс қуаты:  Дененің әрбір мүшесіне жаттығу қалай пайдалы болады?
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?
Нипах вирусы қаншалықты қауіпті?
Ең ыстық жылды бастан өткердік
Арықтататын инъекциялар өлімге әкелуі мүмкін
Көрінбейтін қауіп: Темекінің қоршаған ортаға әсері
Әлемде бірінші рет бір буын ұрпаққа темекі шегуге тыйым салды