ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова осы апта басында жасалған шабуылдар кезінде Исфахандағы консулдықтың зақымданғанын растады.
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті / Reuters
 

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова осы аптаның басында болған жарылыстарда Иранның Исфахан қаласындағы Ресей консулдығына зақым келгенін мәлімдеді.

Захарова Ресейдің дипломатиялық өкілдігіне жасалған шабуыл халықаралық келісімдердің «айқын бұзылуы» екенін және барлық тараптар «дипломатиялық орындардың қол сұғылмаушылығын» құрметтеу керек екенін айтты.

Захарова министрліктің сайтында жарияланған мәлімдемесінде «8 наурызда Иранның Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы жақын маңдағы аттас провинция губернаторының кеңсесіне жасалған шабуыл нәтижесінде зақымдалды», - деді.

«Кеңсе ғимараты мен тұрғын үйлердің терезелері сынған, ал жарылыс күші бірнеше қызметкерді құлатқан. Бақытымызға қарай, ешкім жарақаттанып, қаза тапқан жоқ»,- деп қосты баспасөз хатшысы.

Бұл оқиға АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған соғысынан кейін күшейген шиеленіс жағдайында болып отыр.

Кремльдің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин де сейсенбі күні Иран президенті Масуд Пезешкианмен жалғасып жатқан қақтығыстарды талқылады.

Путин шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»