ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Чикаго қаласының мэрі тамыз айын «Түрік мәдени мұрасы айы» деп жариялады
Өңірдегі ең ірі мәдени мұра фестиваліне мыңдаған қонақтың жиналуына санаулы апта қалғанда маңызды мәлімдеме жарияланды.
Чикаго қаласының мэрі тамыз айын «Түрік мәдени мұрасы айы» деп жариялады
Чикаго қаласының мэрі тамыз айын «Түрік мәдени мұрасы айы» деп жариялады / AA
 

Чикаго қаласының мэрі Брэндон Джонсон түрік америкалық қауымдастығының қаланың мәдени, әлеуметтік және экономикалық өміріне қосқан елеулі үлесін ескере отырып, тамыз айын ресми түрде «Түрік мәдени мұрасы айы» деп жариялады.

Ресми құжат түрік мәдени мұрасы мен мәдениетінің Чикагода және одан тыс жерлердегі ықпалының артып келе жатқанын көрсету мақсатында Түрік фестивалінің мәдени мұра конвенциясы комитетінің төрағасы Халил Демирге табысталды.

Құжатта түрік мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, музыкасын және қоғам игілігі жолындағы қызметін дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ халықтарды жақындастыратын, достықты, мәдени әралуандылықты және мәдениетаралық түсіністікті нығайтатын іс-шаралардың маңыздылығына назар аударылды.

Халил Демир декларацияны Түрік фестивалі комитетінің атынан қабылдап, осындай маңызды шешім қабылдағаны үшін Чикаго қаласының мэрі Брэндон Джонсонға және қала әкімшілігіне алғыс айтты.

Түрік фестивалі комитеті бұл шешімнің түрік америкалық қоғамдастығы үшін зор мәртебе және Түркия мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»