ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Тайландта 22 адам қаза тапты
Өнеркәсіптік және құрылыс алаңдарындағы жазатайым оқиғалар ұзақ уақыттан бері кең таралған Тайландта қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауы салдарынан өлімге әкелетін оқиғалар жиі тіркеледі.
Тайландта 22 адам қаза тапты
Пойызда шамамен 195 адам болған, ал құзырлы органдар қаза тапқандардың жеке басын анықтауға тырысуда. / AFP
 

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Тайландтағы жоғары жылдамдықты теміржол желісінде тұрған бір кран жолаушылар пойызының үстіне құлап, пойыздың рельстен шығып кетуіне себеп болған. Апаттан кемінде 22 адам қаза тапты.

Нахонратчасима провинциясының жергілікті полиция басшысы Татчапон Чиннауонгтың айтуынша, оқиғада 22 адам көз жұмып, 30-дан астам адам жараланған.

Апат жергілікті уақыт бойынша шамамен 09:00-де (02:00 GMT) Бангкоктың солтүстік-шығысында орналасқан Нахонратчасима қаласында болған. Жоғары жылдамдықты теміржол желісін салу үшін пайдаланылған кран жолаушылар пойызының үстіне құлаған.

Нахонратчасима провинциясының қоғамдық байланыстар басқармасы таратқан мәлімдемеде «Кран пойыздың үстіне аударылды, пойыз рельстен шығып, өрт шықты», - делінген.

Жергілікті БАҚ-та көрсетілген тікелей кадрларда құтқару қызметтерінің оқиға орнына асығып жеткені, ашық түсті пойыздың аударылып, бір қырына жатып қалғаны және үйінділерден түтін көтерілгені байқалады.

Ресми дереккөздер пойыздың Бангкоктан Убонратчатхани провинциясына бағыт алғанын хабарлады.

Көлік министрі Пхипхат Ратчакитпракарн пойызда 195 адам болғанын, ал қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Малайзияда Таиланд пен Камбоджа шиеленісі талқыланады
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»