Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті
Бурханеттин Дуран оқиғаның баспасөзге қарсы Израиль шабуылы және ақиқатты жасыру әрекеті екенін айтып, Анкараның жағдайды жақыннан бақылап отырғанын білдірді.
Анкара Израильде қамауға алынған «CNN Türk» тілгісі мен операторының дереу босатылуы үшін қажетті шаралар қабылданғанын хабарлады.
Түркия Республикасы Президенті жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран «Nsosyal» әлеуметтік медиа платформасында «Біз Израильдің шындықты жасыру мақсатында баспасөзге жасаған кезекті шабуылымен бетпе-бет келіп отырмыз. Журналист әріптестеріміздің тез арада босатылуы үшін қажетті бастамаларды көтеріп, мәселені жіті қадағалап отырмыз», — деп хабарлады.
АК Партия (Әділет және өркендеу партиясы) өкілі Өмер Челик те тілші Эмрах Чакмак пен оператор Халил Кахраманның Израиль күштері тарапынан ұсталуын «баспасөз бостандығына жасалған шабуыл» деп сипаттады. Ол журналистерді ұстау туралы шешімнің қабылданбайтынын айтып, оларды дереу босатуды талап етті және «Бұл мәселені жақыннан қадағалап отырмыз», — деп қосты.
«CNN Türk» арнасының хабарлауынша, Эмрах Чакмак пен Халил Кахраман Иранның зымыран соққыларынан кейін Тель-Авивтен тікелей эфир жүргізіп жатқан кезде Израиль қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталған.
«CNN Türk» журналистердің ұсталғанын және олардың ұялы телефондарының тәркіленгенін хабарлады.