Әлиев ЕО-ны Әзербайжан-Армения бейбітшілік процесін 'бұзды' деп айыптады
Армения премьер-министрі 2028 жылғы Еуропа саяси қоғамдастығының саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға баратынына сенім білдірді.
Әлиев ЕО-ны Әзербайжан-Армения бейбітшілік процесін 'бұзды' деп айыптады
Әлиев ЕО-ны Әзербайжан-Армения бейбітшілік процесін 'бұзды' деп айыптады / Anadolu Agency

Әзербайжан gрезиденті Ильхам Әлиев Еуропа Парламентін Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік процесіне әдейі кедергі келтіріп (саботаж жасап) отыр деп айыптады.

Дүйсенбі күні Ереванда өткен 8-ші Еуропа саяси қоғамдастығының саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысқан Әлиев Еуропа Парламентінің соңғы бес жылда Бакуге қарсы балағат сөздер мен негізсіз айыптарға толы 14 қарар қабылдағанын айтты.

Әлиев: «Бұл институт бейбітшілік процесін қолдаудың орнына іс жүзінде оған саботаж жасаумен айналысуда. Еуропа Парламенті 2021 жылдың мамырынан 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін Әзербайжанға қарсы 14 қарар қабылдады. Ойлап көріңізші, бес жылда 14 қарар; бұл бір түрлі әуестік (обсессия) сияқты. Оның ең соңғысы небәрі төрт күн бұрын қабылданды», — деді.

Әзербайжан басшысы ел парламентінің 1 мамырда Еуропа Парламентімен барлық саладағы ынтымақтастықты тоқтата тұру және «Euronest» Парламенттік ассамблеясына мүшелігін тоқтату процедураларын бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұған қоса, Әзербайжан СІМ 1 мамырда ЕО-ның Әзербайжандағы елшісі Мариана Куюничті шақырып, оған Еуропа Парламентінің Армениядағы демократиялық тұрақтылықты қолдауға қатысты қарарына байланысты наразылық нотасын тапсырған болатын.

Пашинянның 2028 жылға арналған жоспары

Армения премьер-министрі Никол Пашинян болса 2028 жылы Әзербайжанда өтетін Еуропа саммитіне қатысу үшін көрші елге баратынына үмітті екенін білдірді.

Пашинян Еревандағы жиында сөйлеген сөзінде: «2028 жылы Еуропа саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға баруға мүмкіндігім болады деп үміттенемін», — деді. Ол Армения мен Әзербайжанның болашақта Еуропа саммиттерін өткізуге үміткерліктерін өзара қолдайтынын атап өтті.

Әлиевтің мәлімдемелеріне тоқталған Пашинян Әзербайжан президентінің бейнебайланыс арқылы болса да Арменияда өтіп жатқан іс-шараға алғаш рет қатысып отырғанын баса айтты. Сонымен қатар Еуропа саммиттері Армения мен Түркия басшылығы арасында байланыс орнатуда маңызды рөл атқарғанын қосып өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия вице-президенті Йылмаз Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті

Пашинян: «Түркия президентімен алғашқы екіжақты кездесуім Прагадағы бірінші Еуропа саммиті аясында өтті. Ал қазір Түркия вице-президенті саммитке қатысу үшін осында отыр және ол Арменияға сапарлаған алғашқы Түркия вице-президенті болды», — деді.

Іздеу
Зангезур дәлізі бес жыл ішінде шығыс-батыс байланысын нығайтады
Түркия Қырымдағы жағдайды мойындамайтынын мәлімдеді
Әзербайжанда Франция азаматы тыңшылық айыбымен 10 жылға сотталды
Қазақстан жаңа конституцияны мақұлдады
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Әзербайжанның жазылмайтын жарасы: Ходжалы қырғыны
Пәкістан мен Қазақстан қарым-қатынастарды нығайту үшін 37 келісімге қол қойды
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Түркия мен Қазақстан сыртқы істер министрлері кездесті
Ортақ түркі әліпбиі Анкарада талқыланды
Қазақстан: ерте сайлау қағидаттары өзгерді
Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Түркия Әзербайжан мен Арменияны қолдады
Түркі мемлекеттері энергия саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде
Мұнай құбырында зақым: Қазақстан балама бағытқа жүгінді
Түркі әлемінің Энергия министрлері Стамбулда бас қосады
Әзербайжан Ұлыбританиямен қорғаныс байланысында жаңа парақ ашты
Анкарада “Халықаралық Көне Түркі Тілі Симпозиумы” басталды