ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Сауда министрінің мәліметінше, елдің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2026 жылы 18 000 долларға жетеді.
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді» / AA
 

Түркия Сауда министрі Өмер Болат Түркия-Әзербайжан-Грузия Іскерлік форумында сөйлеген сөзінде Түркияның жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 1,6 триллион долларға жететінін айтты.

Министр бұл көрсеткіштің президент Режеп Тайып Ердоған билікке келген 2002 жылмен салыстырғанда алты есе жоғары екенін атап өтті.

Форум бейсенбі күні Грузияның Цинандали қаласында өтті.

Болаттың айтуынша, елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ-сі биыл 18 000 долларға жетеді. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда бес жарым есе көп. Осылайша Түркия Еуропадағы бесінші ірі экономикаға айналды.

Министр жиынды «Кавказдың Давосы» деп атап, оның үкіметтер деңгейінде де, бизнес өкілдері арасында да екіжақты қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты.

Болат Кавказ аймағы әртүрлі мәдениеттер тоғысатын өңір екенін және шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік арасындағы маңызды транзиттік торап қызметін атқаратынын жеткізді.

Министр Түркия, Әзербайжан және Грузия геостратегиялық тұғырына байланысты әлемдік энергия тасымалы мен логистикалық бағыттардың дәл ортасында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ ол халықаралық сауданың артуы мен порт басқару, әуе тасымалы, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект секілді салаларда инвестициялық серіктестікке үлкен үміт артатынын білдірді.

Болат билік өкілдері кәсіпкерлер үшін жол ашып, кедергілерді жою жауапкершілігін өз мойнына алуы тиіс екенін айтып, бұл әлдеқайда тығыз экономикалық интеграцияға қол жеткізу үшін маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»