Қытай Жапониядан импортталатын теңіз өнімдеріне қойған тыйымды ішінара алып тастады
2023 жылы «Токио электр энергиясы» компаниясы Фукусима атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті ағын суларды теңізге жібере бастағаннан кейін Қытай Жапониядан теңіз өнімдерін импорттауға тыйым салған болатын.
Қытай Кеден басқармасының мәлімдемесінде Қытай Жапонияның теңіз өнімдеріне қатысты жалпы тыйымды ішінара алып тастағанын және бұл шешімнің дереу күшіне енгені айтылды.
Басқарма жексенбі күнгі мәлімдемесінде, бұл шешімнің халықаралық және ұлттық үлгілерге жүргізілген ұзақ мерзімді зерттеулер барысында ешқандай ауытқушылық анықталмағандықтан қабылданғанын атап өтті. Алайда Жапонияның 10 аймағынан сондай-ақ Токио мен Фукусимадан жеткізілетін су өнімдеріне елге кіруге әлі де рұқсат жоқ.
Жалпы тыйым 2023 жылғы тамызда «Токио электр энергиясы» компаниясы Фукусима Дайичи атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті ағын суды Тынық мұхитына жібере бастағаннан кейін енгізілген болатын.
Тыйымды ішінара алып тастау туралы шешім Жапония үкіметінің Қытайға экспортталатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік бергеннен кейін қабылданды.
Экспорттаушылар Қытайға жіберілетін тауарлар үшін Жапония үкіметінен радиоактивті заттарға қатысты тексеру сертификатын алуға міндетті.
«The Japan Times» басылымының хабарлауынша, Жапония Қытайдан 10 өңірге қатысты тыйымды толығымен алып тастауды талап етуді жалғастыратынын мәлімдеген.