ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Қытаймен қарым-қатынасымызды нығайтуға күш салып жатырмыз»
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның әрдайым Украина мен Ресей арасындағы соғыстың келіссөздер арқылы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдегенін айтты.
Президент Ердоған: «Қытаймен қарым-қатынасымызды нығайтуға күш салып жатырмыз»
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Бейжіңмен қарым-қатынасын дамытуға күш салып жатқанын атап өтті. / AA

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Қытайдың Түркияның аймақтық маңызы мен ықпалын жақсы білетінін, сондықтан Анкараның Бейжіңмен қарым-қатынасын дамытуға күш салып жатқанын жеткізді.

Президент Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінен қайтар жолда журналистерге мәлімдеме жасады.

Ердоған АҚШ пен Ресей басшылары арасында Аляскада өткен соңғы саммитке қатысты кездесулерді «орынды» деп бағалап, Украина мен Ресей арасындағы соғыстың тек бейбіт диалог арқылы аяқталатынын мәлімдеді. Ол Анкараның ең басынан-ақ Украина-Ресей соғысын келіссөз жолымен шешуге болатынын алға тартқанын атап өтіп, «Стамбулдағы келіссөздер бұл жолдың ашық екенін дәлелдеді», – деді.

Сондай-ақ Ердоған Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікке деген үміттің «шешімге бағытталған ұстаным мен нақты нәтижелерге» бағытталуы қажеттігін айтып, бұл үрдіске мемлекет басшыларының қатысуының маңыздылығына назар аударды.

Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған соңғы келісімге де тоқталған Ердоған Зангезур дәлізі арқылы аймақта бейбітшіліктің орнайтынын, теміржол мен автокөлік желілерінің іске қосылатынын, шекара бекеттерінің ашылатынын және ең алдымен сауда мен көптеген секторға оң әсер ететінін мәлімдеді.

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді