ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия АҚШ-пен F-35 бағдарламасына қайта қосылу туралы келіссөздер жүргізуде
Түркия президенті одақтастармен бірлесіп жасалған ұшақ мәселесінің Трамппен талқылау барысында көтерілгенін айтты.
Түркия АҚШ-пен F-35 бағдарламасына қайта қосылу туралы келіссөздер жүргізуде
/ AA

Түркия F-35 ұшақ бағдарламасына қайта қосылуды көздеп отыр, бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні мәлімдеді. Ол Анкараның бұл бағдарламадан "әділетсіз" түрде шығарылғанын атап өтті, себебі Түркия осы заманауи ұшақтың дамуына жүздеген миллион доллар салған болатын.

"Біз F-35 ұшақтарынан бас тартқан жоқпыз," деді Ердоған НАТО саммитінен кейін елге қайтар жолда. "Біз бұл жобаға қайта қосылу ниетімізді әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Түркия бұл бағдарламадан әділетсіз түрде шығарылды." деді ол.

Түркия көпмақсатты ұшақты дамытуға АҚШ-пен бірге қатысқан сегіз елдің бірі болды. "F-35 бағдарламасы техникалық процесс қана емес, сонымен қатар саяси процесс болып табылады," деді Ердоған. "Біз бұл (Түркияны шығару) шешімді әрдайым одақтастық рухына сәйкес келмейді деп сынға алдық. Бұл мәселені Трамп мырзамен кездесулерімізде көтердік және техникалық деңгейдегі келіссөздер басталды. Үмітіміз бар, алға жылжимыз." деді ол.

Түркия бұл бағдарламадан Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін шеттетілді. Бірақ Ердоған S-400 мәселесі Трамппен кездесуде көтерілмегенін айтты. "Бұл (S-400) аяқталған іс," деді ол. "Әуе қорғаныс жүйесі тек S-400-бен шектелмейді. Біз өзіміздің "Болат күмбез" жүйемізді дамытып жатырмыз." деді президент.

Ердоған Анкараның "жүйелер жүйесін" құрып жатқанын, оған отандық зымыран қорғаныс жобалары – “SİPER”, “HİSAR”, “SUNGUR” және ұлттық жауынгерлік ұшақ “KAAN” кіретінін айтты.

НАТО саммитінің нәтижелері

Ердоған НАТО-ның алдағы онжылдықта қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін арттыруға міндеттенгенін атап өтті. Ол Түркияның бұл мақсатқа ең жақын елдердің бірі екенін айтты. Ол одақтастар арасындағы, әсіресе қорғаныс өнеркәсібі саласындағы шектеулерді алып тастаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ердоған сондай-ақ 2026 жылы НАТО көшбасшыларының саммитін Түркия қабылдайтынын растады.

Украина–Ресей бейбіт келіссөздері

Ердоған Түркияның Украина–Ресей қақтығысында делдал ретіндегі рөлін сақтап қалуға берік екенін айтты. Ол тоқтап қалған Стамбул процесін қайта бастауға ниетті екенін және үшінші раунд бейбіт келіссөздерін өткізуге ұсыныс жасағанын жеткізді. "Басқалар бейбітшілікке үмітін үзсе де, біз үзбейміз," деді ол. Киев пен Мәскеу Түркияның делдалдық қызметіне сенім білдіруін жалғастырып отырғанын айтты.

Ердоған саммит барысында Трамппен екіжақты кездесу өткізгенін және Трамптың осындай саммитті қолдайтынын мәлімдеді. Ердоған Трамптың"Егер Путин Стамбулға немесе Анкараға келісім үшін келсе, мен де келемін," дегенін айтты.

Іздеу
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды
Вице-президент  Йылмаз Қытай Мемлекет басшысының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»